Компанияның жаңалықтары
18.05.2022
Сенаторлар ұлттық компания басшылығымен кездесуде «Самұрық-Қазына» АҚ-да тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы проблемалық мәселелерді талқылады. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті ұйымдастырған жұмыс бабындағы кездесуге Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина төрағалық етті.
Компанияның жаңалықтары
16.05.2022
Қарағандыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің өкілдері қатысты.
Компанияның жаңалықтары
03.05.2022
Бүгін Қорда «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Үкімет мүшелері, сондай-ақ Қордың және оның портфельдік компанияларының басшылары, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Компанияның жаңалықтары
28.04.2022
28 сәуірде дәстүр бойынша бүкіл дүниежүзінде «Еңбекті қорғау күні», яғни Өндірісте қайтыс болған немесе жарақат алған адамдарды халықаралық еске алу күні аталып өтіледі. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, күн сайын дүниежүзінде жұмыс орнында 6000-ға жуық адам қайтыс болады, бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 10%-ға артып келе жатыр.
Компанияның жаңалықтары
08.02.2022
Мемлекет басшысының Қордың сатып алулар жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулардың жаңа әдістемесін әзірледі. «Самұрық-Қазынаның" сатып алуларын жүзеге асырудың жаңа тәртібін қоғаммен талқылау үшін құжаттың жобасы ресми веб-сайтта жарияланды.
Компанияның жаңалықтары
13.01.2022
«Самұрық-Қазына» тобының барлық компаниялары өз жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырып келеді. Электрэнергетика, мұнайгаз, тау-кен кешенінің кәсіпорындары өндірістік процестерін тоқтатқан емес және әдеттегі тәртіпте жүргізіп отыр. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай мезгілінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлық шаралар жүзеге асырылды.