1. «еGov» электрондық үкіметінің порталы арқылы
2. электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы
3. кеңсе қызметі арқылы белгіленген нысан бойынша қағаз түрінде
Егер өтінім сәйкес келсе, Жобаны бағалау рәсімі басталады, оның қорытындысы бойынша Қор комиссиясы жобаны мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Осылайша, Импортты алмастыру бағдарламасының арқасында әлеуетті жеткізушілер «Самұрық-Қазына» Қорының ұйымдарымен офтейк-келісімшарттар жасасып, өз кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз ете алады. Офтейк-келісімшарт жасалғаннан кейін Азамат жобаны іске асыруға кірісіп, өз өнімін жеткізуді бастайды. Сондай-ақ болашақта сенімді кәсіпкер бола алады.
Егер Сіз де Отандық бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша өндіріс ашуды жоспарласаңыз, бірақ қатысу кезеңдерінен қалай өту керек екенін білмесеңіз, 8 (7172) 57 02 75 нөмірі бойынша қоңырау шалып, сарапшылардан кеңес ала аласыз.
Импортты алмастыру бағдарламасына қатысу туралы толығырақ ақпаратты skc.kz сайтынынң «Жаңа өндірістер бағдарламасы» бөліміндегі «Құжаттар» айдарынан алуға болады.