Енді Қазақстанның әрбір кәсіпкері өз тауарларын «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларына 2 күнде лицензиясыз және техникалық ерекшеліксіз SKstore.kz. электрондық дүкен арқылы сата алады
Бұл шағынжәне орта бизнес үшін тауарларды сатудың ыңғайлы алаңы, сондай-ақ холдинг компаниялары үшін тауарларды сатып алудың ашық әрі жылдамқұралы.
Стандартты сатып алудан (zakup.sk.kz порталынан) бастыайырмашылығы – процесті жеделдететін лицензиялар мен техникалық ерекшеліктердің болмауы. Басқалардан артықшылығы:
Skstore.kz электрондық дүкенінде табысты жұмыс істеу үшін әлеуеттіөнім беруші ЭЦҚ-ның көмегімен көпшілік офертаға қол қою арқылы қарапайым тіркеуден өтуі қажет.● тегін онлайн-тіркеу
● кез келген тауарды орналастыру мүмкіндігі
● лицензиялар мен ерекшеліктердің болмауы
● кеңседен немесе үйден шықпай-ақ тауарды қашықтан сату
● мәмілені тез келісу және тапсырыс берушімен 2 күн ішінде шарт жасасу (тапсырыс беруші үшін 1 күн, өнім беруші үшін 1 күн)
● тек нақты сатқаны үшін ең төменгі комиссияны алу
● тапсырыстарды келісу барысын, статистиканы және талдауды бақылау мүмкіндігі
Әр портфельдік компания үшін жыл сайын 32 санат бойынша бір тауар түрі үшін 8 млн теңгеге дейін сатуға болады. Әр санатта өз кезегіндебірқатар тауарлар бар. Бұл барлығы 11 мың тауар, жұмыс және қызмет. Олардың тізімімен skstore.kz. сайтында танысуға болады. Сондай-ақ Қордың компаниялары «Ерекше тәртіп» аясында жыл сайын 100 АЕК-ке дейін (345 000 теңге) кез келген санат бойынша сатып ала алады.