Онлайн-кездесу Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өтті
Вебинар бағдарламасы үш негізгі бөлімнен тұрды:
- ТЖҚ қалыптастыру және жүргізу тәртібі
- Қордың тауар өндірушілерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
- офтейк-келісімшарттарды жасасу және орындау тәртібі
Спикерлер қордың "тауар өндіруші" басымдығымен сатып алуға қатысуының негізгі мәселелерін, сондай-ақ Қордың тауар өндірушілер тізіліміне және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер ұйымдарының тізіліміне енгізу процесінде ТЖҚ кодтарын дұрыс пайдаланылуын талдады.
Сондай-ақ, вебинарда импортты алмастыратын тауарлар пулынан отандық өндірісті құруды көздейтін жаңа өндірістерді құру жөніндегі бағдарламаға қатысу тетіктері түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында Маңғыстау облысында "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС Маңғыстау облысының әкімдігімен және "Атамекен" ҚР ҰКП-мен бірлесіп "Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті дамыту" конференциясына қатысты, оның қорытындысы бойынша Тараптар үшжақты келісімге қол қойды.