Отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Семей қаласында өткен конференция аясында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының орынбасары Дархан Рамазановтың және «Семей машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры Марат Болатұлы Аленовтың кездесуі өтті, оның барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесуге «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мен «Семей машина жасау зауыты» АҚ арасындағы әңгіме қорытындысы бойынша офтейк-келісімшарттар жасасу туралы ниеттерге қол қою рәсімі өтті. Іскерлік бағдарлама аясында елордалық делегациясы кәсіпорынның жұмыс цехтарында болып, зауыт шығаратын өнімдердің ассортиментімен танысты.
Осылайша, тараптар ел ішіндегі құндылықты дамыту және импортты алмастыру саясатын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті.