8 қыркүйек күні Семей қаласында «Абай облысының кәсіпкерлікті дамыту» атты конференция өтті. Конференция жұмысына Абай облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Қоры және Абай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты. Конференция аясында Абай облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арасында үшжақты келісім жасасу рәсімі өтті. Осылайша тараптар ел ішіндегі құндылықты дамыту және импортты алмастыру саясатын іске асыру саласында ынтымақтасуға бағыттанады. Конференция барысында Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Каримов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов өз баяндамалармен жалғастырды. Конференцияның жекелеген бөлігінде оқыту семинарлары өтті, оның барысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сарапшылары отандық өндірушілерді қолдау құралдарымен таныстырады, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігі туралы және Қордың сатып алуларына қатысу жолдары туралы баяндады.