Жалғыз қатысушы Серіктестіктің қызметін жеке-дара басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Серіктестіктің Жарғысымен оның құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешеді.
Жалғыз қатысушы Серіктестіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарау үшін қабылдауға құқылы.
Жалғыз қатысушы, егер Серіктестіктің Жарғысында өзгеше белгіленбесе, өзінің айрықша құзыретіне жатпайтын өкілеттіктерді Серіктестіктің атқарушы органына немесе Байқау кеңесіне беруге құқылы.
Жалғыз қатысушы Серіктестіктің өзге органдарының Серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер жөніндегі кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.