Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру үшін Жалғыз қатысушы үш жыл мерзімге ревизорды сайлайды.
Ревизор Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы және осы мақсат үшін Серіктестіктің барлық құжаттамасына сөзсіз қол жеткізуге құқылы.
Ревизор Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін оны Жалғыз қатысушы бекіткенге дейін міндетті түрде тексереді. Жалғыз қатысушы ревизордың не аудитордың қорытындысынсыз жылдық қаржылық есептілікті бекітуге құқығы жоқ.