Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі –тәуекелдерді басқару процесінің негізгі қатысушыларының рөлін, тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқару тәсілін, сондай-ақ компаниядағы ақпарат алмасу және тәуекелдер деңгейін мониторингтеу қағидаларын айқындайтын ресми және бейресми құралдар жиынтығы. Тәуекелдерді басқару компанияның операциялық және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізбеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеуді және бақылауды белгілеуді көздейді.
Белгісіздік компанияның кез-келген саласында болады, демек, осы белгісіздікке байланысты тәуекелдер бар, оларды бақылау қажет. Тәуекелдерді басқарудың кешенді тәсілін енгізу компанияға ықтимал жағымсыз оқиғаларды немесе жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, ұйымның ағымдағы және жоспарланған қызметіне объективті көзқарас қалыптастыруға, тәуекелдерді болжауға және олар туралы ақпаратты ескере отырып шешім қабылдауға, тәуекелдерге уақтылы ден қоюға және олар іске асырылған жағдайда тәуекелдердің теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.