ӨТКІЗІЛЕТІН САТЫП АЛУ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІКТІ БІЛУ ҮШІН САУАЛ ЖОЛДАУ ҚАЖЕТ ПЕ?
Келісуге жолдаудың қажет жоқ, себебі 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 02−2-09−02−2 / 4706, 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 02−2-09−02−2/5980 және 2018 жылғы 4 маусымдағы № 06−1-22−06−1 / 317 хаттармен «Жеңіл автомобильдер және автобустар» санаты бойынша сатып алу шарттары және Сатып алу қағидасының 138-тармағының 10) тармақшасы бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру бойынша Қордың ресми келісімі Қордың еншілес ұйымдарының назарына жеткізілді.
КЕЛІСІМДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Қор ұйымдарының бас компанияларының (портфельдік компаниялардың) атына Қордың құзыреттер орталығы стратегияны іске асыру үшін қажетті материалдарды, соның ішінде келісімдерді/оларға қосымша келісімдерді жүктеу үшін ақпараттық ресурсқа кіру мүмкіндігі берілетін кандидатураларды ұсыну туралы 2018 жылғы 8 маусымдағы №-07/6359 сауалын жолдады. Жеңіл автокөлікті немесе автобустарды сатып алу қажеттілігі болған жағдайда, Сізге құжаттарды алу үшін Қордың еншілес ұйымының бас компаниясына жүгіну қажет.
ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Өнім берушілер жөніндегі деректер Қордың әрбір бас компаниясының жауапты қызметкері арқылы қолжетімді.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ӨНІМ БЕРУШІСІ КІМ?
Техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді өндірушінің өзі көрсетеді немесе өндірушінің өзі ресми растаған оның ресми өнім берушісі/дилері/дистрибьюторы арқылы көрсетіледі (Келісімнің 3-бабын қараңыз).
АВТОКӨЛІКТІҢ ЕДӘУІР КӨЛЕМІ САТЫП АЛЫНҒАН ЖАҒДАЙДА, СЕРІКТЕСТЕР БАҒА БОЙЫНША ҚОСЫМША ЖЕҢІЛДІК БЕРЕ МЕ?
Қордың хатында 10 автокөлік бірлігінен асатын көлемді сатып алу жоспарланған жағдайда, Қордың серіктестерінен қосымша жеңілдіктер беру жөнінде қайта келіссөздер жүргізу қажеттігі туралы айтылған.
ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ БЕКІТІЛГЕН САТЫП АЛУ САНАТТЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ БОЙЫНША АВТОКӨЛІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МІНДЕТТІ МЕ?
Иә, Қор Басқармасы бекіткен Санаттар тізбесінде (2017 жылғы 17 наурыздағы 09/17 хаттама) «Жеңіл автомобильдер және автобустар» санаты көзделген. Сатып алу тәсілдері Қор бекіткен санаттылық стратегиясымен (2017 жылғы 22 тамыздағы № 01/17 хаттама және 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 01/18 хаттама) айқындалған.
ЕГЕР АВТОКӨЛІКТІҢ ТАЛАП ЕТІЛГЕН ТҮРІ СТРАТЕГИЯҒА ЕНГІЗІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА, АЛ БҰЛ КӨЛІК ӨНДІРІСТІК ҚАЖЕТТІЛІКТЕР ҮШІН ҚАЖЕТ БОЛСА, ТАПСЫРЫС БЕРУШІ (ҚОРДЫҢ ЕТҰ) ТАРАПЫНАН ЖАСАЛАТЫН ІС-ҚИМЫЛДАР ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
Стратегияның шеңберінде көзделген автокөліктің техникалық сипаттамаларының егжей-тегжейлі талдамасы және автокөліктің қолданылмайтындығы туралы өндірістік негіздеме болған жағдайда, өзге модельдерді (Стратегияда көзделмеген) Қордың келісімі бойынша ғана сатып алуға болады.
Сондай-ақ стратегияны әзірлеу барысында сатып алудың санаттылық тобы құрылғанын атап өту қажет, оның құрамына портфельдік компанияның еншілес ұйымдарының мүдделерін білдіретін бас компаниялардың техникалық сарапшылары енді. Стратегияны әзірлеу барысында бизнес талаптары ұсынылды, автокөлікті бағалау және таңдау әдістемесі келісілді.
СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНЕ ЖАТАТЫН АВТОКӨЛІК ТІЗБЕСІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Автокөлік тізбесі Қордың еншілес ұйымдарының назарына жеткізілді. Ақпаратты сіздің бас компанияңыздың өкілі арқылы алуға болады.
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА"АҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫНДА САТЫП АЛУ БҰҒАТТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА, САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
Сайтта (https://zakup.sk.kz) сатып алуға қойылған бұғатты алып тастау жұмыс тәртібімен жүргізіледі:
Сатып алуды ұйымдастырушы сауал жіберіп, мынадай ақпаратты ұсынуы қажет: БСН, ТЖҚ БНЖ коды, сатып алу жоспары жолдарының нөмірлері, автокөліктің техникалық ерекшелігі.