СЫНШЫЛДЫҚ ДЕҢГЕЙІ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕҢГЕЙІНІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Терминдер әртүрлі АБІ (әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігі) жататындықтан, жалпы қорытынды — білікті әлеуетті өнім берушінің рейтингі оларды ұқсас етіп жасайды. Терминдерді хронологиялық тәртіп бойынша талдап көрейік.
ТАУАРЛАР, ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ СЫНШЫЛДЫҚ ДЕҢГЕЙІ - бұл АБІ өтуге өтініш беру кезеңіне жататын термин. Өтініш беру кезінде әлеуеттіөнім берушілерде сыншылдық деңгейін таңдау мүмкіндігі бар. Жеткізілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін стандартта сатып алудың жылдық қажеттілігіне байланысты сыншылдықтың үш деңгейі бойынша жіктеу көзделген. Сыншылдықтың бірінші деңгейі - ең қарапайым (сатып алу құны 4 мың АЕК бастап 50 мың АЕК дейін). Аталған құн сізді басқа сатып алудан шектемейді, бірақ тек қана бір сатып алудың көлемі туралы айтады. ТЖҚ сыншылдығының бірінші деңгейінде әлеуетті өнім берушілерге сауалнама жүргізу кезеңінен және қажетті аудиттен өтуі керек. Екінші деңгейден, сауалнама жүргізуден басқа, көшпелі верификациялық аудитті күтуі мүмкін. Үшінші деңгей — өте тереңдетілген, өйткені өнім берушінің алаңында техникалық аудитті білдіреді.
Өз кезегінде, сауалнама күрделі болған сайын, деңгей жоғары. Сыншылдықтың әрбір деңгейі (СД) мынадай түрде нөмірленетін сауалнаманың өз түріне сәйкес келеді: 1 СД — А1 және А2; 2 СД — B1 және B2; 3 СД — C1 және C2.
Бастаушы ЖК-ге тәжірибе, растаушы құжаттарды жинақтау үшін сыншылдықтың бірінші деңгейін таңдау ұсынылады. 1−2 жыл өткеннен кейін сіз өте жоғары деңгей бойынша АБІ өтуге қайтадан өтініш бере аласыз. Сыншылдық деңгейін барынша толығырақ пост соңындағы сілтемеден зерттеуге болады.
ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІНІҢ СӘЙКЕСТІК ДЕҢГЕЙІ - АБІ рәсімінің бастапқы кезеңіне жатады. Сіздің компанияға 4 бөлім бойынша белгіленеді, оған спаны тиісті қамтамасыз ету, жұмыстардың қауіпсіздігі және басқа да көптегені сияқты осындай маңызды сипаттамалар кіреді. Сіздің компанияңыздың өлшемшарттардың бәріне сәйкестігін бағалау үшін Холдингтің АБІ сауалнамадан өтуді ұсынады. Пост соңында біз 4 өлшемшарттың сипаттамасымен барынша егжей-тегжейлі танысу бойынша сілтемені көрсетеміз. Холдингтің АБІ менеджерлерінің міндеті — 0-ден 100%-ға дейін шкала бойынша жауаптардың дұрыстығын бағалау. Мысалы, 25%-дан 50%-ға дейін диапазонында бағалау сіз нақты өлшемшарт бойынша «ең төменгі сәйкестік» бағасын алғаныңызды білдіреді, ол сіздің бейініңізге кіреді және барлық тендерде ескерілетін болады.
Қандай терминдер сізге қиындық тудыратынын жазыңыздар біз олардың мәнін міндетті түрде түсіндіреміз.
Сыншылдық деңгейін айқындау туралы толығырақ «Әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігін жүргізу» «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ Сатып алу қызметін басқару жөніндегі стандартына № 7 қосымшадан танысуға болады, сілтеме: http://bit.ly/2JDi4fV
Біліктілік өлшемшарттары туралы нақтырақ 4-баптан танысуға болады. «Әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігін жүргізу» «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ Сатып алу қызметін басқару жөніндегі стандарты, сілтеме: http://bit.ly/2P91Q4e