Кез келген, тіпті мұқият ойластырылған жоспар түзетулер енгізуді талап етеді, әрі шындыққа жанасуы қажет. 2018 жылдың сәуірінде «Жеңіл автомобильдер мен автобустар» санаты бойынша сатып алу стратегиясы жаңартылды (біз мұндайды «өзекті ету» дейміз). Сонымен, стратегияның ең маңызды компоненттері өзекті етілді: сатып алуды санаттық басқару шеңберінде сатып алынған көлікті сатып алу мен техникалық байқауды жүзеге асыру. Осылайша, Холдингтің еншілес ұйымдары өндірушілерден немесе олардың ресми өкілдерінен тікелей сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұзақ тендерлік рәсімдерден арылса, ал кәсіпорындар кепілді қолдауға ие болды.
Ұлттық валютаның ағымдағы әлсіреуі және соның салдарынан жеткізілетін өнімнің бағасын ұстап қалудағы өндірушілер бастан кешкен қиындықтар стратегияны іске асырудағы негізгі тегеуріндердің бірі болды. Қалыптасқан жағдайды мұқият талдағаннан кейін, біз сатып алуға қатысушылармен жұмыс жасаудың белгілі бір тәсілдерін әзірледік, оның ішінде оза қимылдауға мүмкіндік беретін жүйелі жоспарлау мен нарықтағы бағаны деңгейінде ұстап қалу шараларын атап өтеміз.
Екінші тәсілдің мән-жайын толығырақ аша кеткен жөн болар. Біздің мақсаттарымыздың ең бастысы — қатысушыларды тұрақты, алдын ала келісілген сатып алу деңгейімен қамтамасыз ету. Осылайша біз өндірушілерге болашаққа кепілдік береміз, ал олар өз кезегінде жоспарланған жеткізу көлеміне елеулі жеңілдіктер бере бастайды.
Қосымша шара ретінде Қордың серіктестеріне бұрын жасалған келісімдердегі кейбір бөлімдерді қайта қарау ұсынылатын болады, мұндай жеңілдіктер беру алдын ала төлеу шарттарына тікелей байланысты болуды көздейді.
Барлық қарастырылған құралдар ағымдағы жылдың соңғы тоқсаны ішінде стратегияға енгізілетін болады, ал 2019 жылдың 1 тоқсанынан бастап оларды іске асыру басталады.
Бізге сәттілік тілеңіздер! Адал әрі әділ сатып алуға ұмтылыс біздің стратегиямыздың табысты дамуына көмектеседі деген үміттеміз!