Біз жазған нұсқаулықта сатып алуды санаттық басқару көмегімен жеңіл автомобильдер мен автобустарды (техникалық қызмет көрсетуді ескере отырып) сатып алудың барлық сатылары жеңіл әрі түсінікті түрде жазылған. Біз сондай-ақ Қордың еншілес және тәуелді ұйымдары үшін сатып алудағы санаттық стратегиясын пайдаланудан түскен барлық пайданы атап өттік.
САТЫП АЛУДЫ САНАТТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ
Қор әзірлеген сатып алудың санаттық стратегиялары сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір санатқа бөлгізеді, бұл оларды біртұтас топ ретінде басқаруға мүмкіндік береді.
Холдингке кіретін ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуін қоса алғанда, жеңіл автомобильдер мен автобустарды сатып алу жөніндегі Қордың стратегиясы Сатып алу қағидаларының 138-тармағы 10) тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алуды көздейді.
ҚОРДЫҢ ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
1-ҚАДАМ. ҚОРДЫҢ КЕЛІСІМІН АЛУ
Қордың портфельдік компанияларына/Қордың еншілес ұйымдарына арналған Қордың ресми хаты — стратегияны қолдану үшін негіз болып табылады. Хатта бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруды келісімдеу реті келтірілген (Қордың Сатып алу қағидасының 138-тармағы 10-тармақшасы). Қор қазіргі уақытта Стратегияны өзектілендіру бойынша жұмыстарды жүргізуде, бұл сатып алуды Қордың Сатып алу қағидасының 140-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қордың еншілес және тәуелді ұйымдары Қордың Сатып алу қағидасының 138-тармағы 10-тармақшасындағы өзгерістер туралы ресми түрде хабардар етілетін болады.
2-ҚАДАМ. КЕЛІСІМДІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ТІЗІМІН ЖҮКТЕП АЛУ
Келісім мен тауарлар тізімін алғаныңызға көз жеткізіңіз. Бас компания өкілдеріне жүктеу пұрсаты: skc. kz басты бетін, содан кейін «Жобалар», «Сатып алуды санаттық басқару» бөлімдерін ашыңыз.
3-ҚАДАМ. МАШИНАНЫ РЕЗЕРВКЕ ҚОЮ
Таңдаған тауарды қол қойылған келісімдер шеңберінде Қордың стратегиялық серіктестерінде резервке сақтап қойыңыз. 10 бірліктен астам автокөлік сатып алынған жағдайда, Сізге жеңілдіктер/қосымша жеңілдіктер бойынша растау жіберіледі. Бұл мәселені Құзыреттілік орталығының өкілдерімен бірлесіп еншілес ұйым пысықтауы қажет.
4-ҚАДАМ. КЕҢЕСКЕ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШІМІН АЛУ
Байқаушы кеңестің немесе алқалы органның шешімін алу қажет. Кейіннен бұл қадам Сатып алу қағидасының 140-тармағының 2) тармақшасы бойынша сатып алуды жүзеге асыру бөлігінде стратегияға өзгерістер енгізілгеннен кейін алынып тасталуы мүмкін. Қордың еншілес және тәуелді ұйымдары бұл жөнінде қосымша хабардар етіледі.
5-ҚАДАМ. ШАРТ ЖАСАСУ
Шарт жасасу ЭСАЖ 2.0 жүйесінде бір көзден сатып алудың бұғаты ашылған соң мүмкін болады. Бұл үшін a_bainiyazova@skc.kz электрондық адресіне жұмыс тәртібімен мынадай ақпарат жіберу қажет:
1. Сатып алуды ұйымдастырушы БСН;
2. шарт жобасы;
3. ТЖҚ БНЖ коды;
4. ЭСАЖ-дағы сатып алу жоспарының нөмірі.
6-ҚАДАМ. ЖЕТКІЗУ
Жеткізушіден техникалық қызмет көрсету қамтамасыз етілетін тауарды алыңыз.
7-ҚАДАМ. МОНИТОРИНГ
Шарттың орындалуына мониторинг жасаңыз, Қордың ОК-ға есептілікті қамтамасыз етіңіз.
СТРАТЕГИЯДАН АЛЫНАТЫН ПАЙДА
Қор сатып алуды санаттық басқару стратегиясынан алынатын елеулі пайданы қазірдің өзінде алуға мүмкіндік береді:
— машиналарды сатып алуға және техникалық қызмет көрсетуге кепілдік берілген жеңілдіктер есебінен қаражатты үнемдеңіз;
— модельдер қатарын сегменттеу және біріздендіру есебінен шығындарды төмендетіңіз;
— Қордың негізгі жеткізушілермен және өндірушілермен стратегиялық келісім жасауы арқылы делдалдарды болғызбаңыз;
— иелік етудің жиынтық құны есебінен сатып алуға қызмет көрсететін команданы тиімді пайдаланыңыз. Мысалы, егер бұрын сізге 65 күнге дейін уақыт жұмсап, 30 сатып алушы арасында 30 тендерге қатысуға тура келсе, қазір небәрі 2 сатып алушы, 15 келісім, 15 күнге дейін қысқарған мерзім болады.