Біз «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ-да сатып алуды санаттық басқаруға арналған хабарлар топтамасын жариялай бастаймыз. Санаттық стратегияның мәнін қысқаша түсіндіріп өтейік. Санаттық басқару — компаниялардың табыстылығын арттыратын және өндірушілердің пайда болған сұраныс кезінде уақтылы әрі тиімді әрекеттер жасауға ынталандыратын сатып алу саласындағы ең тиімді құралдардың бірі болып табылады.
Тауардың өзін сатып алуға арналған шығыстарды қоспағанда, санаттау сатып алынған өнімді пайдалану кезінде туындайтын ілеспе шығыстарды ескеруге мүмкіндік береді. Мысалы, қымбатқа түсетіндермен салыстырғанда арзан агрегат келешекте оған қызмет көрсетуге (жөндеу, қосымша персоналды жалдау және тағы басқалар) көбірек шығындарды қажет етеді. Осылайша алынған, болашақтағы сатып алуды иеленудің жиынтық құны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «АҚ компаниялары тобына өздерінің сатып алуларын ақылға қонымды және көрегендікпен жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл Қор ауқымында қосымша экономикалық пайда әкеледі. Осы мақсатта Қор 2016−2017 жылдары ең тиімді және заманауи тәсілдердің бірі - тауарларды санаттық басқаруды әзірлеп, енгізе бастады.
Санаттық басқаруды құру мен енгізу жөніндегі жұмыстарды Қор 2016 жылы „ҚазМұнайГаз“, „ҚТЖ“ ҰК» АҚ," Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, «Самұрық-Энерго», «KEGOC» АҚ, «Қазпочта» АҚ сияқты алты компания негізінде бастады. Сол жылы бірінші санаттық стратегия шықты.
САНАТТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Санаттық стратегияны қолданған кезде, «Сараң екі төлейді" деген мақалмен баршаған таныс парадоксты түсіндіруге болады. Жабдықтардың сипаттамаларын, сапасы мен санын ескере отырып, өнімді пайдаланудың бүкіл кезеңінде өнімді иелену құнын есептеу кезінде, тапсырыс берушілер алдағы шығындардың нақты көрінісін елестете алады, яғни жиынтық шығыны аз тауарды таңдай алады. Ал, өмірлік тәжірибе көрсеткендей, біз сатып алатын өнім не жабдық неғұрлым сапалы болса, ол бізге соғұрлым аз әуре мен аз материалдық шығын әкеледі. Компанияның жалпы шығындарын құра отырып, тапсырыс беруші жабдықты мысалы, бес емес, жеті миллион теңгеге сатып алу тиімдірек дешен шешімге келеді. Дегенмен, «қымбат» дегеніміз әрқашан «тиімді" бола бермейтіні рас. Талдау арқылы ғана сіз ең жақсы шартты бағаны аласыз.