Сатып алуларды санаттық басқару (қысқаша айтқанда — ССБ) көмегімен біз қайта құруды өткізе аламыз, жаңа технологияларды енгізу мүмкіндігін бағалай аламыз, технологиялық процеске өзгерістер енгізе аламыз. Мысалы, сатып алу санаты шеңберінде стратегия құру арқылы сатып алушы компания белгілі бір тауардың көрсеткіші жөндеуаралық кезең ішінде жоғары болатынына көз жеткізе алады. Демек, бұл көрсеткішті төмендету арқылы компания өнімділігін арттыра алады. Бұл жерде КАМАЗ ауыр жүк машина өндірушісінің басшылығы енгізген санаттық менеджмент тәжірибесі ойға келеді.
Өндірушілер санаттық менеджмент тәжірибесіне ең алдымен шығындарды азайтып, қорлар айналымын арттыру мақсатында жүгінді. Осы міндеттерді іске асыру үшін құзыретті фирмадан мамандар тартылды. Жоба бойынша жұмыс бірқатар құрамдас бөліктерді арнайы санаттық стратегиялар құрылған ерекше топтарға біріктіруді көздейді.
Қоймадағы қорларды толықтыру мен үлестіру үлгісі жасалып, белгіленген талаптарға сәйкес құрамдас бөліктердің қозғалысы көрсетілді. Процестердің барлығын белсенді түрде қамту үшін санаттық топтар ұйымдастырылды, оның құрамына сатып алу мен жеткізу мәселелеріне қатысы бар түрлі бөлімдердің мамандары енді. Санаттық топтағы адамдардың өзара тығыз әрекеттесуі арқасында тұтас құрылымдар арасындағы байланыс айтарлықтай жеңілдеді. Қызметкерлер ортақ жұмыстағы өздерінің рөлін жақсы түсіне бастады, осылайша үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Келесі жазбаларда біз санаттық басқару туралы әңгімемізді жалғастырамыз, атап айтқанда, «Жеңіл автомобильдер мен автобустар» санаты бойынша көлік құралдарын сатып алуға қатысты сұрақтарға жауап береміз.