АБІ ортасында әрекет ететін делдалдар тарапынан кейбір алаяқтық жағдайларын еске сала отырып, біз Алдын ала білікті әлеуетті өнім берушілер тізіміне енудің ең сенімді тәсілі - АБІ-ден дербес өту туралы тағы бір ескертіп өтуді жөн көрдік. Әлбетте, өнім берушілердің көпшілігі АБІ рәсімін түрлі «көмекшілерге» жүгінбестен жеңеді және оған шамадан тыс күш салу қажет емес. Сондықтан біз осы маңызды тақырыпқа бірнеше материал арнамақпыз.
ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫ — АБІ МАҚСАТЫН ТҮСІНУДЕ ЖАТЫР.
Кез келген іріктеу рәсімі сияқты, ол емтихан немесе конкурс болсын, алдын ала біліктілікті іріктеу, әрине, үміткерлерді міндетті түрде шешілуі тиіс қиындықтар мен әбігерге салады. Бірақ, АБІ - кәсіпкерлердің жолына қолдан жасалған кедергі емес екенін есте сақтау маңызды. Алдын ала жіктеудің мақсаты — нарыққа қатысушылардың өздерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуды көздейді, бұл АБІ генетикасының негізіне салынған, әрі бұл мемлекеттік және жеке компаниялар біліктілікті іріктеу рәсімін қолданатын барлық елдерде жалпы қабылданған тәжірибе болып табылады.
Осыдан АБІ-ні осы күрделі миссияны орындауға қандай құбылыс немесе объект итермелейді деген сұрақ туындайды. Оның жауабы қарапайым жайтта жатыр — Қор компанияларының барлық топтары бойынша жыл сайынғы жиынтық сатып алу көлемі шамамен 5 трлн. теңгені құрайды. Қазақстандық бизнес үшін бұл тәтті бәліштің бір бөлігі іспеттес. Кәсіпкерлердің Холдингтің электрондық сатып алуларына қатысуға ұмтылуы кәсіпкерлік ортадағы бизнес-процестерді жақсарту үшін пәрменді себеп болуы мүмкін.
Алдын ала біліктілік талаптарының көмегімен Холдинг кандидаттарды сауалнаманы Мұқият толтыруға және аудиторлардың ұсыныстарын орындауға мәжбүр етеді. Әлеуетті өнім берушілер менеджмент пен сапаның озық технологияларын енгізуге, жабдықтарды жаңартуға, экологиялық талаптар мен салалық стандарттарды қатаң сақтауға мәжбүр болады.
Осылайша, АБІ-ден табысты өту үздік өнім берушілерді іріктеу үшін ғана емес, отандық ШОБ-ты қолдау бойынша үлкен мемлекеттік науқанның бір бөлігі болып табылады. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алуларына адал әрі ашық қолжетімділік үміткерлердің өзін-өзі жетілдіруіне ғана айырбасталады десе болады, алдын ала жіктеудің мақсаты осыда жатыр. АБІ көмегімен отандық бизнес тиімдірек болмақ, сонымен қатар бүкіл елдің экономикасы нығаймақ.
АБІ-ден ӨТУ ҚИЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР.
Көптеген кәсіпкерлер АБІ негіздерін зерттеуге ынта білдірмейтіндіктен, әлеуетті өнім берушілердің арасында алдын ала біліктілік рәсімдерінің шамадан тыс күрделігі туралы аңыздар сөз болады. Осындай көңіл-күйді таратуға өз бизнесін АБІ бойынша кеңес беруге құратын делдалдар бірталай үлесін қосып келеді деп ойлаймыз.
Бұл жерде біз өз міндеттерін кәсіби орындайтын адал кеңесшілер туралы айтып отырған жоқпыз. Біздің меңзеп отырғанымыз — әлеуетті өнім берушілердің жалқаулығын немесе АБІ рәсімі жөнінде олардың хабардарсыздығын пайдаланатын арамза фирмалар мен тұлғалар.
Әлеуетті өнім берушілер көбінесе АБІ порталына бірінші рет кірген кезде қиындықтарды өз ойынша асыра бағалауға бейім. АБІ-нің байыбына жеткісі келмейтін және кәсіпорынды осы рәсімнен өтуге тиісті түрде дайындауға ниеті жоқ басшылар делдалдардың қызметіне жүгінеді, ал соңғылары алдын ала біліктілікті іріктеу үшін жоғары ұпай алып беруге уәде береді. Аудиторлық компания немесе білікті орган болмаса да, бұл бейшара кеңесшілер ешқандай заңды негізсіз «кепілді нәтижеге» уәде етеді.
Келесі шығарылымдарда біз АБІ рәсімінен дербес қалай өту керектігі туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Сарапшы Тәшімбаевтың осы тақырыптағы сұхбаты қажет болып қалар:
https://facebook.com/…/photos/a.163937135…/2139251563015006/