2017 жылдың басынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының еншілес компанияларының жоспарланып отырған сатып алулары туралы сілтемені алатын қолданушылары саны екі есеге артты. Бұл ретте аталған сілтемені «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы маркетинг» порталында (www.skm.kz) ТЖҚ БНА-ның анықталған коды бойынша өндірілетін/жеткізілетін өнімге прайс-парақшаларын орналастырған өнім берушілер ғана ала алатынын айта кету қажет.
Сонымен қатар аталған аппараттық ресурста «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялары тобының ұзақ мерзімді және жылдық сатып алуларының шоғырландырылған жоспарлары, алда болатын сатып алулар туралы хабарландырулар және қорытындыларды шығару хаттамалары орналастырылған.
«Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының сатып алу процестерін реттейтін нормативтік актілерге еркін қол жеткізуге болатын, сонымен қатар тауар өндірушілердің және мүгедектер ұйымының тізіліміне, Холдингтің адал және жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне, сондай-ақ өнім берушілердің алдын ала біліктілік іріктеу тізбесіне енгізілген кәсіпкерлер арасында ғана сатып алулар жүргізілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізіміне сілтемелер ұсынылған.
Қордың «Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесі" (tender.sk.kz), «Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы», «Жергілікті қамту мониторингінің картасы» сияқты өзге де ақпараттық жүйелермен байланыс орнатылған.
Барлық ақпарат тұрақты негізде жаңартылып, өзекті болып табылады.