Алдымен қарапайым анықтама беріп өтейік: өнім беруші Холдинг ұйымдарымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жүр, ал әлеуетті өнім беруші Холдинг ұйымдарымен алдағы уақытта жұмыс істегісі келеді. Бұл ұғым осы «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алу қызметін басқару жөніндегі стандартында қолданылады (құжатты сілтеме бойынша көшіріп алуға болады: bit.ly/2ImvATC).
Ал егжей-тегжейлі айырмашылығы мынадай:
Өнім беруші - тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).
Әлеуетті өнім беруші - сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда).