Сатып алатын санаттық топ Қордың портфельдік компаниялары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылғы 22 қарашада «Медициналық сақтандыру» стратегиясын әзірлеу дәрежесі бойынша кезекті кездесуді өткізді.
Аталған стратегияны әзірлеу аясында оның мақсаттары мен міндеттері анықталып, сондай-ақ шығынның аталған бабы бойынша ішкі және сыртқы ортаны талдау жүргізілуде.
Кездесу барысында медициналық сақтандыру қызметін көрсетудің сапасын жақсарту және бизнестің ішкі талаптары талқыланды.
Қордың Басқарушы комитетінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 26 шешімімен Қордың Құзырет орталығының деңгейінде басқару үшін «Медициналық сақтандыру» санаты мақұлданғанын естеріңізге сала кетейік.