Біз оқырмандарымызға Қазақстанда off-take шарттардың тетігін дамыту туралы тың жаңалықпен бөлісеміз. Таяуда Шымкентте «AsiaTrafo» зауытын іске қосу алдын ала құлақтандырылған болатын, онда off-take шарттар форматы іске қосылады, міне, тағы «KMG Automation» жаңа атыраулық кәсіпорнында қысым датчиктерінің келешектегі өндірісі туралы жаңалық келіп жетті, сондай-ақ мұнда ұзақ мерзімді off-take келісімшарттардың тетігін іске қосу жоспарлануда.
Қазақстанда теңдесі жоқ жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы «Schneider Electric» компаниясымен ынтымақтастығының нәтижесі болды. Жаңа бірлескен кәсіпорын құны 247 млн. теңге болатын озық технологиялар мен басқару жүйелерін алады, осылайша еліміздің мұнай-газ саласын цифрландыруға елеулі үлесін қосады.
Орталық Азияда ірі «AsiaTrafo» зауытын іске қосу жайында мына сілтеме арқылы http://bit.ly/2RsnYmM оқи аласыздар, сондай-ақ мына сілтеме арқылы off-take келісімшарттардың көмегімен импорт алмастыратын жобаларды іске асыру тақырыбен танысуды ұсынамыз: http://bit.ly/2TOD4EY