Құрметті жазылушылар, біз отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа жоғары тиімді тетігін — ұзақ мерзімді оффтэйк-шарттарды енгізу барысын қадағалап отырамыз. Қазақстандағы Индустрияландыру күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ондаған жоғары технологиялық өндірістерді іске қосуымен ерекшеленді.
Инновациялық алаңдардың арасында мүлдем жаңа өндірістер де бар, мысалы, «Asia Trafo» ЖШС — жоғары вольтты трансформаторлар шығаратын кәсіпорын. Қазақстанда теңдесі жоқ жобаны ұзақ мерзімді оффтэйк-шарттардың көмегімен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп қолдады.
Тараптардың өнімді төлеу мен қабылдаудың ұзақ мерзімді кепілдігін құрайтын кейінге қалдыру міндеттемелерін өзара қабылдауы оффтэйк-шарттардың маңызды және шешуші қасиеті болып табылады. Кейінге қалдыру міндеттемелері өндіріс жұмысы басталған сәттен бастап күшіне енеді.
Қордың ұлттық компаниялары тарапынан кепілді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етудің арқасында өндірісті дамыту бағдарламасы құрылды, өнімді экспорттау бойынша жоспарлар белгіленді. «Alageum» холдингі жаңа қуаттарды іске қосуға салған инвестициялардың көлемі 19 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорында 220 жаңа жұмыс орны құрылды, жеке меншік сынау зертханасы ашылды. Болашақта «Asia Trafo» зауыты жылына 120 жоғары вольтты трансформаторларды шығара алатын болады.
Алғашқы оффтейк-шарттарға қол қойылғаны туралы жаңалықты оқыңыз: http://bit.ly/2C4r6jJ