19 қарашада zakup.sk.kz порталына жаңа модульдердің нысаналы тобының қатарына енгізіледі. Оларды іске қосумен ЭСАЖ 2.0 ақпараттық жүйесі дамудың жаңа деңгейіне шығатынын айтудың өзі артық. Төменде ең жаңа модульдердің және қағида тұрғысында жаңа мүмкіндіктердің сипаттамасын беріп отырмыз, олар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ электрондық сатып алу қатысушыларын бөледі. Zakup.sk.kz порталының келушілеріне мынадай электрондық құралдар қолжетімді болады:
— Электрондық шарттар;
— Бағалар базасы және прайс-парақ;
— Сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің электрондық өтініштері;
— Нормативтік құжаттарды түсіндіру бойынша электрондық өтініштер.
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАРТТАР» МОДУЛІ — бұл тапсырыс берушілер мен өнім берушілерді барлық бұрынғы қолайсыздықтан арылтып, бүкіл әлемде қарыштап дамып келе жатқан ең ұзақ күткен қағазсыз құжат айналымы. Бұдан былай шарттарды жасау және оларға қол қою үшін электрондық-цифрлық қолтаңба пайдаланылатын болады. Жүйе шарттың бастапқы қалыптастырылған мәтінінің өзгермеуін бақылайды, құжатпен жұмыстың бәрі шынайы уақыт режимінде жүргізілетін болады.
«БАҒАЛАР БАЗАСЫ ЖӘНЕ ПРАЙС-ПАРАҚ" МОДУЛІ - электрондық сатып алуға қатысушыларды ұсынылатын өнімнің бағасы туралы өзекті ақпаратпен алғаш рет қамтамасыз етпек. Жүйе өнім берушілерді белсенді сатып алу жөнінде хабардар ететін, ал тапсырыс берушілерді - Қор тобы компаниялары бойынша белгіленген орташа бағаның асып кеткені туралы хабарлайтын болады.
«САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІШТЕРІ" МОДУЛІ — өнім берушілер Қордың сатып алуды бақылау және мониторинг департаментіне ЭЦҚ көмегімен өтініш білдіріп, тапсырыс берушілердің әрекетіне шағымдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Егер департамент сұранысты заңды деп байланыстырса, онда сатып алуды ұйымдастырушының атына өтінішті жеткізу және өнім берушіге оның жауабы автоматты түрде жүргізілетін болады.
«НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮСІНДІРУЛЕРІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІШТЕР» МОДУЛІ — алдыңғы жағдайдағы сияқты жүйе арқылы кері байланысты, бірақ енді сатып алуды ұйымдастырушы -тапсырыс берушілер үшін қамтамасыз етеді. ЭЦҚ қолдана отырып, тапсырыс берушілер кез келген сәтте Қордың атына нормативтік құжаттар бойынша түсіндірулер алу үшін сатып алу әдіснамасы қызметіне жүгіне алады.
ЭСАЖ 2.0 дамытумен жұмыс жалғастырылуда. Жаңа модульдерді енгізу барысы туралы болашақ шолуларда сіздерді хабардар етуге уәде береміз. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС электрондық сатып алуының ақпараттық жүйесін сүйемелдеу департаментінің директоры Қалмас Бейсембаевпен сұхбатты мына сілтеме арқылы оқыңыздар: http://bit.ly/2xoqd2S