Есіңізде болса, біз әңгімеміздің бірінші бөлігінде Холдингтің Электрондық сатып алу жүйесін жақсарту процесіне қатардағы пайдаланушыларды мейлінше тартудың пайдасы жөнінде бірнеше сенімді дәлелдер келтірген болатынбыз. Тек өз тілектеріңіз бен талаптарыңызды білдіре отырып қана, сіздер бізге әлдебір құралдарды енгізетін мезгіл келгенін немесе қандай да бір проблеманы жою қажеттігін жеткізе аласыздар.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС коммерциялық қызмет департаментінің қазан айында жүргізген пайдаланушылардың пилоттық сауалнамасының нәтижелері де осыны айғақтайды. Сіздер мен біздер үшін маңызды тақырып — кері байланыс жайлы ойланып көрейікші.
ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Пилоттық сауалнамаға арналған сұрақтар тобы «Қанағаттанушылық дәрежесі" деп аталатын, яғни сауалнамаға қатысқан пайдаланушылардың ЭСАЖ-дың жұмысына көзқарасын анықтау үшін құрылған. Осы мақсатта біз қатысушылардың жауаптарын жекелеген бағыттар бойынша сараладық: 1) интерфейс және жүйе навигациясы; 2) функционалдығы (құралдар мен қосымша модульдердің жұмысы); 3) барлық кіші жүйелер жұмысының сенімділігі; 4) коммуникациялар (жүйенің қайырма жауап беру дәрежесі).
Сауалнаманың жасырын сипатына қарамастан, пайдаланушылардың көпшілігі сауалнамаға жөнді көңіл бөлмеген, осының салдарынан іріктеудің репрезентативтілігі төмен болып шықты. Өкілетті аудиторияның жоспарланған 80% -ы орнына респонденттердің 30%-ынан ғана жауап алынды. Бірақ сауалнаманың осындай нәтижелері де ЭСАЖ жұмысындағы кейбір проблемаларды жою үшін әзірлеушілер командасына құнды ақпарат болды. Демек, кері байланысты одан әрі дамытудың мәні бар екені анық.
КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ КҮШІ НЕДЕ?
Біз алдымызға 2019 жылы ЭСАЖ жұмысына қанағаттану көрсеткішін 65% - ға жеткіземіз деген мақсат қойып отырмыз. Бұл Электрондық сатып алуға қатысушылардың сауалнамаға жауап берген әрбір екінші адамы өзінің пайдаланушы тәжірибесін оң бағалайтын болады дегенді білдіреді. Бес жылдан кейін сауалнамаға қатысқандардың қанағаттану деңгейін 85 пайызға жеткізгіміз келеді, бұл Холдингтің бүкіл электрондық сатып алу жобасының табысты дамуының дәлелі болмақ.
Құрметті ЭСАЖ қатысушылары, сіздерден біздің күш-жігерімізді қолдауды сұраймыз. Біздің сауалнамаларға белсенді жауап беріңіздер, есесіне біз ЭСАЖ-ды ең озық қана емес, сонымен қатар бизнес пен ынтымақтастық үшін үздік орта етпекпіз!
Әңгіменің бірінші бөлімін мына жерден оқи аласыздар: https://www.facebook.com/…/a.163937135633…/2180281298912032/