«Самұрық-Қазына» АҚ электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде қағидатты жаңа модульдерді енгізуге арналған қараша семинары Қордың еншілес ұйымдарының өкілдеріне Электрондық сатып алу жүйесін дамытудың тұтас бейнесін ашады.
Бүгін, 2 қарашада «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас кеңсесінде өтетін Семинар ЭСАЖ 2.0 функционалының ең ірі жаңартылуы қарсаңында өзіндік анонс болмақ. Баяндамашы ретінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары, Электрондық сатып алу жүйесін әзірлеушілер командасын тікелей басқаратын Болат Жұмағалиевтың сөз сөйлеуінің өзі іс-шараның деңгейін аңғартады.
Тыңдаушылар төрт басты жаңалық туралы білетін болады, олар мынадай модульдер: Электрондық шарттар; Бағалар базасы және прайс-парақ; Сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің электрондық өтініштері; Нормативтік құжаттарды түсіндіру бойынша электрондық өтініштер.
«Электрондық шарттар» модулі тапсырыс берушілер мен өнім берушілерді барлық бұрынғы қолайсыздықтар мен уақыт шығындарынан құтқара отырып, сатып алуды жаңа «қағазсыз» дәуірге көшіреді. Бұдан былай шарттарды жасау және оларға қол қою үшін электрондық-цифрлық қолтаңба пайдаланылатын болады. Жүйе шарттың бастапқы қалыптастырылған мәтінінің өзгермеуін бақылайды, құжатпен жұмыс шынайы уақыт режимінде жүргізілетін болады.
«Бағалар базасы және прайс-парақ" модулі электрондық сатып алуға қатысушыларды ұсынылатын өнімнің бағасы туралы өзекті ақпаратпен алғаш рет қамтамасыз етпек. Өнім берушілер белсенді сатып алу бойынша ақпарат ала алады, бағалардың толыққанды маркетингтік талдауын жүргізеді, орташа бағаның асып кетуі жөнінде хабардар болады.
«Сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің электрондық өтініштері" модулі қатысушыларды кері байланыспен уақтылы қамтамасыз ете отырып, күрделі жағдайларда сенімді көмекші болады. Өнім берушілер сатып алуды ұйымдастырушыға ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш жіберу мүмкіндігін алады, бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушының атына сұрау салуды жеткізу автоматтандырылатын болады, бірақ ол уәкілетті органның бақылауымен жүргізіледі.
«Нормативтік құжаттарды түсіндіру бойынша электрондық өтініштер» модулі алдыңғы жағдайдағыдай кері байланысты қамтамасыз етеді, бірақ бұл Қордың атына нормативтік құжаттар бойынша сатып алуды ұйымдастырушылар растаған түсініктемелер алу үшін тапсырыс берушілерге арналады. Жүйенің көмегімен қатысушылар ЭЦҚ көмегімен өтініштерін жолдай алады.
Семинарға қатысушылардың басым бөлігін Қор компанияларының басшылары мен жауапты тұлғалары, соның ішінде «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан инжиниринг», «Қазатомпром», «Самұрық-Энерго», «KEGOC», «Қазпочта», «Қазақтелеком», «Эйр Астана» және тағы көптеген компаниялар сияқты нарықтың басты қатысушылары құрайды.