Адамдардың көбі қоғамдық пікір сұрауларына салқын қарайды десек қателеспейтін болармыз. Бірақ электрондық порталдармен жұмыс істей отырып, біз пайдаланушылармен жақсы байланыс орнатқанда ғана «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ сатып алудың ақпараттық жүйесінің табысты дами алатынын ұғындық.
Бүгінгі жарияланымда, құрметті кәсіпкерлер, біздің ортақ электрондық сатып алу жобамызды жақсартуға белсенді түрде қосылуға шақырғымыз келеді. Сіздер берген баға біз үшін өте маңызды, осындай ынтымақтастықтың пайдасына бірнеше дәлеліміз де бар.
ЖОҒАРЫ КІРІГУ ДЕҢГЕЙІ
Пайдаланушылардың көпшілігімен сапалы кері байланыс жасау алғышарттарының бірі - ол Холдингтің Электрондық сатып алу ықпалдастығының бұрын-соңды болмаған жоғары дәрежесі болып табылады. Бүгінгі күні ЭСАЖ 2.0 электрондық сатып алудан басқа, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің ақпараттық анықтамалығын (ТЖҚ БНЖ), сондай-ақ алдын ала біліктілік модулін (АБІ) қамтиды. ЭСАЖ жақында ғана осылай жаңарды: ТЖҚ БНЖ анықтамасы тек 1,5 жыл бұрын біріктірілді, ал АБІ бірыңғай порталдың құрамына осы жылдың күзінде ғана кірді.
Бұл күрделі конгломераттың ішкі жүйелері мен модульдерін дамыта отырып, біз өз өзімізге «Порталдың мүмкіндіктері біздің пайдаланушыларымыздың үміттеріне қаншалықты сай?», «Қандай құралдарды өзгерту қажет?» деген заңды сұрақтар қоямыз:
ПАЙДАЛАНУШЫ АККАУНТТАРЫНЫҢ ӘР АЛУАНДЫҒЫ
Клиенттер тәжірибесіне қызығушылық танытуымыздың тағы бір себебі - ол пайдаланушылар топтарының әртүрлілігі. Қатысушылардың бизнес көлемінің әртүрлі болып келуі порталмен жұмыс істеу схемасына айтарлықтай әсер етеді. Егер шағын фирмада бір адам жүйедегі бірнеше істі атқара алатын болса, үлкен корпорацияда әртүрлі қызметкерлерге әртүрлі міндет жүктеледі.
Нәтижесінде, Қорға кіретін тапсырыс берушілерден басқа, сатып алуға тікелей қатысатын өнім берушілер де көп. ТЖҚ БНЖ кодтарын қосу бойынша ұсыныстар жасайтын да өнім берушілер бар. Тек қана сатып алу жоспарларын жасайтын не сатып алуларға ғана қатысатын тапсырыс берушілер болады. Сондай-ақ тендерлік комиссия қорытындысының хаттамаларын хатшылары қалыптастыратын аккаунттар да бар. Екінші деңгейдегі банктердің атынан электрондық банк кепілдіктерін беретін пайдаланушылар тағы бар.
Көріп отырғандарыңыздай, жүйенің қолайсыздықтары туралы кез келген хабарламаларға дер кезінде жауап беру үшін әртүрлі пайдаланушылармен ұдайы байланыста болуымыз қажет. Қайталаймыз, қызу кері байланыс — бұл жүйе жұмысын жақсартудың ең тиімді жолы.
Жақында біз ЭСАЖ жетілдіру тақырыбын жалғастыратын боламыз — пайдаланушылардың қанағаттану дәрежесіне және кері байланысты жақсарту тәсілдеріне қатысты біздің нысаналы жоспарларымыз туралы айтып береміз. Ұқсас тақырып бойынша Сіздердің назарларыңызға порталдың Call-орталығының және zakup.sk.kz сайтының әзірлемешілер бөлімінің жұмысын үйлестіретін Арман Айыппен сұхбатты ұсынамыз: http://bit.ly/2PJoBvQ