Біз сатып алуды санаттық басқаруға қатысу туралы сұрақтармен Daewoo Bus Kazakhstan коммерциялық директоры Қанат Шоқбатарға хабарластық.
2016 жылдан бері Daewoo белгілі автобустарының өнім беруші компаниясы ССБ жаңа форматында Холдингтің сатып алушыларымен ынтымақтасуда және нарықтың осы белсенді қатысушысының нақты тәжірибесі «Жеңіл автомобильдер және автобустар» санатын дамыту үшін өте маңызды.
Қанат, ССБ енгізуден нәтижеге жатқызуға болатын холдингтің компанияларымен ынтымақтасудағы ең маңызды қадамдарды атап бересіз бе?
Қанат: Ең бастысы, сатып алу жүйесі оңайлатылды — енді шарттарды жасау санаттық келісім бойынша тікелей жүзеге асырылады, шын мәнісінде басымдық жергілікті өндірушілерге беріліп отыр.
Daewoo Bus Kazakhstan Холдингтің компаниялары ССБ көзделмеген модельдерді талап еткен жағдайларда қалай әрекет жасайды?
Қанат: Біз әрдайым клиентке қарай икемді болуға бейімделеміз, не оның біздің өнімге бағдарлауға тырысамыз.
Daewoo Bus Kazakhstan сарапшылары стратегияны әзірлеу процесіне қатыстырыла ма?
Қанат: Иә, бұл процеске біртіндеп қатысып отырмыз. Біздің мамандар стратегияны одан әрі дамытудың бірлескен жұмысы үшін талап етілетін деректерді жинауда. Біз жеткізілетін техникаға қойылатын талаптарды сегменттеу және қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, Сатып алуды санаттық басқару департаментінен тиісті сұрауларды алдық.
Компания автобустарға тұрақты бағаны ұстап қалу үшін, әсіресе теңге бағамының қатты ауытқулары кезінде қандай тәсілді ұстанады?
Қанат: Біз әлі бағаны ұстап отыру бойынша тетігін әзірлеген жоқпыз. ССБ-дан осы мәселеде қолдау алғымыз келеді.
ССБ қандай шала жұмыстары түзетуге арналған бірінші кезектегі міндеттер тізімінде тұр?
Қанат: «Самұрық-Қазына» қоры компанияларынан тапсырыстарды кепілдендіру тұрғысынан жұмысты күшейтсе жақсы болар еді. Жыл басында ССБ сатып алынатын автобустар тізбесімен компаниялар тізімін берген жағдайлар да болды, ал жылдың аяғына қарай топтың басым бөлігі жоспарланған техника көлемін сатып та алған жоқ. Дегенмен, осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Қордың компаниялары өндірушілерге сатып алудың белгілі бір көлемдеріне кепілдікті қамтамасыз ете бастады, ал өнім берушілер, өз кезегінде, алдын ала төлем шарттары бойынша жеңілдіктер жасай бастады. «Самұрық-Қазына» қоры компанияларынан жоспарлау жүйесі және тапсырыстарды кепілдендіру үшін алдын ала төлем біздің бәріміз үшін жай практикаға айналатынына сенім артамыз.