Импортты алмастыру тақырыбында тағы бір маңызды жаңалықпен бөлісуге асығып отырмыз: 18 қазанда Қор компаниялары тарапынан тұрақты сұранысқа ие және Қазақстан Республикасында өндірілмейтін тауарлар тізбесі («таза импорттың" пулы) бекітілді. Осы тізбе «Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің нәтижесі болып табылады. Алғаш рет келісім off-take келісімшарттардың - өндірісі жобаны іске асыру нәтижесінде жолға қойылатын тауарларды сатып алуды және жеткізудің кейінге қалдыру талабымен шарттардың көмегімен импортты алмастыратын жобалардың іске асырылуын көздейді. Тауарлардың кестесімен «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сайтына файлды жүктеп танысуға болады:
http://bit.ly/2OeFjgU.
Тізбеден көріп отырғандай, «таза импорттың" пулы ондаған елдерден, Қытай мен Ресейден кішкентай Люксембургке дейін жеткізілетін тауарлардың кең номенклатурасын қамтиды, ал өнімдердің арасында салыстыруға болатын автомобиль шиналарының жай түрі де, сондай-ақ жоғары технологиялы — компьютерлер, серверлік жабдық және т.с.с. атап көрсетуге болады. Сондай-ақ импорт алмастыру бойынша отандық жобалар туралы, атап айтқанда, Орталық Азиядағы ірі «AsiaTrafo» зауытты іске қосу туралы жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар: http://bit.ly/2RsnYmM