Құрметті жазылушылар, сіздер жаңа санатты стратегиялар туралы бірнеше рет айтып беруді сұраған болатынсыздар, сол себепті «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС атынан Сатып алу санаттарын басқару бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Құзыреттер орталығының жаңалықтарымен қуана бөлісеміз.
Бүгінгі таңда Құзыреттер орталығы «Арнайы аяқкиім» және «Кәбілдік-өткізгіш өнім» сатып алудың санаттары бойынша сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеп жатыр. «Атамекен» ҚР ҰКП және Қордың еншілес пен тәуелді ұйымдарымен бірлесіп әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Кез келген күрделі салалық жүйе сияқты стратегия да барлық мүдделі тараптардың жан-жақты пікірталасына мұқтаж болып отыр. Осы мақсатта 20 және 21 қарашада «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Е. Бишімовтің төрағалық етуімен қазақстандық аяқ киім және кәбілдік-өткізгіш өнімдердің өндірушілерін шақырумен «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерімен санаттық сатып алу топтарының кездесуі өтті.
ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАР МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР
Кездесулерде стратегиялар жобасының негізгі кезеңдері таныстырылды, стратегияларды іске асыру шеңберінде санаттарды басқару тәсілдемелер талқыланды. Қатысушылар Қазақстанда жеңіл және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту жобаларының әлеуметтік мәнділігі мен маңыздылығын атап көрсетті.
Қор өзінің еншілес пен тәуелді ұйымдарының шығындарын оңтайландырылуын қамтамасыз ету үшін бірқатар стратегиялық келісімдер жасауды, сондай-ақ өндірілетін тауар сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлауда.
Сатып алудың санаттық топтарының демеушісі «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Т.Қ. Әбдірахманов стратегияларды іске асыру кезіндегі басты міндеттерді атап берді, олардың мәні қамтамасыз ету уақтылылығында, сапалы тауар дайындауында, сондай-ақ өндірісті дамыту, жаңғырту және оқшаулауында.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚҚА ЖОСПАРЛАР
Стратегияларды әзірлеудің негізгі кезеңдерін таныстырудан басқа өндірушілердің өндірістік объектілеріне танысу сапарларының шығу қорытындылары, сондай-ақ өндірісте бетпе-бет келетін проблемалық мәселелер талқыланды.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін тауарды өндірушілерге шикізаттың өнім берушілерімен кездесу өткізуді уағдаласты.
Өз тарапынан өндірушілер техникалық ерекшеліктерді МЕМСТ, салалық нормалар мен басқа да НТҚ талаптарына сәйкес келтіру бойынша бастаманы бірауыздан қолдады.