pko.skc.kz сайтында алдын ала біліктілік іріктеуден өту үшін қажетті 7 қадам көрсетілген:
- ЭЦҚ алу
- Компьютерге ЭЦҚ орнату
- АБІ жүйесіне тіркелу
- Өтінішті толтыру
- Санаттық деңгейін беру туралы хабарламаға қол қою
- Шартқа қол қою
- Сауалнаманы толтыру
Аудит нәтижесі бойынша Аудитті өткізу туралы есеп қалыптасады. Аудитті өткізу туралы есепте біліктілік өлшем шарттарының талаптарына сәйкес келу немесе сәйкес келмеуі көрсетіледі. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, аудиторлар оларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Сәйкессіздік анықталған жағдайда әлеуетті өнім беруші жақсарту бойынша ұсыныс алған күннен бастап шағын аудит кезінде 20 күнтізбелік күн ішінде, тексеру аудиті кезінде 60 күнтізбелік күн ішінде және техникалық аудит кезінде кемінде 90 күнтізбелік күн ішінде сауалнамалық деректерін сәйкестендіруге құқылы.
Алдын ала біліктілік іріктеуден өтуге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат сатып алу қызметін басқару бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Стандартында жазылған. Әлеуетті өнім берушілерге алдын ала біліктілік іріктеу жүргізу. Аталған стандартпен pko.skc.kz сілтемесі бойынша таныса аласыздар.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 7172 55 22 66, 8 7172 570 275 нөмірі арқылы Сall-орталыққа хабарласуға немесе support.pko.skc.kz электронды адресіне жазуға болады.