Алдын ала біліктілікті іріктеу (АБІ) рәсімінен өз бетінше өтудің маңыздылығы туралы әңгімелер топтамасын жалғастырамыз. Бірінші материалды жіберіп алған құрметті оқырмандар үшін сілтемесін қалдырамыз: http://bit.ly/2Dvkv42.
Жарияланымның атауы айтып тұрғандай, біз әлеуетті жеткізушілерді АБІ порталындағы жеке кабинетпен жұмыс істеу кезінде бөтен адамның көмегіне жүгінбеуге шақырамыз. Әңгімеміздің екінші бөлімінде АБІ рәсімінің сауалнама сияқты маңызды кезеңінен өтудің тексерілген тактикасы жөнінде сөз болады.
САУАЛНАМАНЫ БӨТЕН АДАМНЫҢ КӨМЕГІНСІЗ ТОЛТЫРУ
Сауалнамамен жұмыс істеу ондағы мәселелер мен талаптарды зерделеуден басталады, олар өз кезегінде сыншылдық деңгейімен байланысты болады. Сыншылдық деңгейін таңдай отырып, компанияңыздың мүмкіндіктері мен тәжірибесіне сүйеніп, өз өзіңізді шынайы әрі әділ бағалаңыз. Егер таңдап алынған сыншылдық деңгейі бойынша компанияның растаушы құжаттары жоқ екенін, яғни орташа немесе ең аз сәйкестік деңгейіне де шықпайтынын біліп тұрсаңыз, онда сыншылдықтың неғұрлым төмен деңгейін таңдағаныңыз жөн, тіпті біріншісінен бастағаныңыз абзал.
Осы кезеңде компанияның қызмет саласына назар аударыңыз. Сатып алуға тендер жарияланған кезде мейлінше көп қызмет түріне «сәйкес келер» деген үмітпен тауарлар, жұмыстар және қызметтер (ТЖҚ) кодтарының тым артық санын көрсетіп, өнім берушілердің жиі жіберетін қателерін қайталамауға тырысыңыз. Кейде бір-біріне қайшы келетін жұмыс пен қызмет түрлері салынып жатады. Осыдан кейін тым көп ТЖҚ кодтары сауалнаманың қаралу процесін қиындатып, барлық алдын ала біліктілікті іріктеу рәсімдерінен өтуді кешіктіретініне таң қалмаңыз.
САУАЛНАМАНЫ ТОЛТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫ
Сонымен, сыншылдық деңгейі таңдалды, сауалнама зерделенді. Енді Сізде құжаттардың барлығын жинай алам ба, жоқ па деген күмән туындауы мүмкін.
Қарапайым, бірақ орынды кеңеске құлақ салыңыз — АБІ-ден өту жөніндегі жұмыс тобын ұйымдастырыңыз. Ол үшін сауалнаманы толтыруды компанияның аса құзыретті қызметкерлеріне жүктеу жеткілікті. Сауалнама сұрақтарының жан-жақты сипатын ескере отырып, топқа тәжірибелі бухгалтерлер, инженерлер, маркетологтар қатыстырыла алады. Сіздің мамандарыңызға басқа бөлімдерден құжаттарды белсенді сұратуға тура келеді, топтың беделі неғұрлым жоғары болса, бөлімдер топтың сауалдарын соғұрлым жылдам орындайтын болады. Айта кетейік, егер түбінде кеңесшілерге жүгінуге бел бусаңыз, оларды тікелей жұмыс тобына қатыстырғаныңыз жөн. Тәжірибелі команданың құрамында болса, кеңесшілер өз міндеттемелеріне мейлінше байыпты қарауға мәжбүр болады, ал сіз олардың әрбір қадамын қадағалай аласыз.
Алдағы уақытта біз АБІ-ден өз бетінше өту тақырыбын жалғастыратын боламыз. Бәлкім, Сізді осы мәселе бойынша тағы бір материал қызықтырар: http://bit.ly/2PjeOfG