Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-де аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған конференция өтті. Оған квазимемлекеттік сектор өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Басты мақсаты отандық тауар өндірушілерді қолдау.
Осымен бесінші рет өткізілген көшпелі конференцияда бизнестің нақты сұраныстарына назар аударылады. Жиында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мамандары сатып алу қызметінің аса маңызды мәселелеріне талдау жүргізді. Бұдан бөлек, "Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қоры»АҚ пайдаланатын отандық кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.
Конференцияда қордағы сатып алуға қалай қатысу керектігі туралыда айтылды. Біліктілікті арттыру тетігі қалай жұмыс істейтіні жайында да ақпарат көпшілік назарына ұсынылды.
Конференцияда электрондық дүкеннің ашылу салтанаты өтті. Онда Қазақстанның әрбір кәсіпкері өз тауарларын "Самұрық-Қазына" портфельдік компанияларына 2 күн ішінде лицензиясыз және техникалық ерекшеліктерсіз сата алады.