«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу мәселелері бойынша операторы – «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС. Қорға қарасты барлық компаниялар www.zakup.sk.kz бірыңғай платформасы арқылы сатып алуды жүзеге асырады. Ұлттық әл-ауқат қоры отандық кәсіпкерлерді қолдап келеді. Мәселен, 2018 жылдан бастап қор ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасай отырып, Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістер құруды ынталандыратын импортты алмастыру бағдарламасын іске асырады. Бұл ретте отандық кәсіпкерлерге Қазақстанда өндірісті жолға қою ұсынылса, қор өз тарапынан оларды орта мерзімді перспективада сатып алуға кепілдік береді. Осы орайда «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Импортты алмастыру, тізілімдер және жергілікті қамтуды дамыту департаментінің маманы Жасұлан Жалғаспен осы тақырып бойынша сұхбат құрдық.