Қазақстандық "Элтекс Алатау" телекоммуникациялық жабдығын өндіруші өзінің алғашқы офтейк-шартын бес жыл бұрын жасады. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын құра отырып, компания өз өнімдерін экспорттауға және әлемдік нарықта сәтті бәсекелесуге бағыттады.
НҰРЛАН ЖӘНІБЕКОВ, "ЭЛТЕКСАЛАТАУ"ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
"Осы бағдарламаның арқасында біз 60-қа жуық келісімшарт жасадық, 2 мыңға жуық өнім сатылды. Менің ойымша, егер компания одан әрі дамып, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" тарапынан бақылау жүргізілсе, онда біздің кәсіпорын мен өнімнің өседі және еселенеді, өйткені біз қазіргі уақытта қазір қорда бар қажеттіліктің 20 пайызды игердік".
Нұрлан Жәнібековтың айтуынша, бағдарламаға қатысу қиын емес. Импортты алмастыруға жататын тауарлар пулын компания тоқсан сайын реттеп отырады. "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС сайтында кез келген кәсіпкер техникалық ерекшеліктерді, қажеттіліктерді, жеткізу шарттарын зерделей алады және елімізде тауарды оқшаулау туралы шешім қабылдай алады.
НҰРЛАН ШӘРІПОВ, "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА КЕЛІСІМШАРТ"ЖШС ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРУ, ТІЗІЛІМДЕР ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
"Ұзақ мерзімді келісімшарттар беру арқылы жаңа өндірістер құру, ал бизнестің кейінге қалдыру шарты бар. Яғни, егер сіз " бір жылдан кейін өндірісті ашамыз десеңіз, онда, біз сізбен осы өнімнің қажеттіліктеріне негізделген тиісті келісімшарт жасалады. Мысалы, бізде үш және бес жылға дейін қарастырылған.
Бағдарламаға қатысушылар бұл тәжірибені кеңінен қолданысқа шығару қажет дейді. Кепілдендірілген тапсырыстың болуы компанияларға өндірістің жаңа технологияларын игеріп қана қоймай, өнім шығаруды жолға қоюға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.