«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен барынша ашық, жаңа Сатып алу рәсімі күшіне енді. Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дайындап, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітті.
⠀Құжатта мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының барлық ескертулері мен тілектері ескерілген. Қор өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алудың бүкіл процесі қазір ашық қолжетімділікте. Сатып алу процесінің өзі ашық болып қана қоймай, жеңілдеді.
⠀Барлық сатып алулар бұрынғыдай тоғыз емес, бір құжатпен реттеле бастады. Қазақстандық шағын және орта бизнесті қолдау күшейтілді. Енді кәсіпкерлерге басқа тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен баға тең болған жағдайда артықшылықтар, жеңілдіктер және басымдық беріледі.
«Самұрық-Қазына» АҚ-да сатып алу процесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.