«Самұрық-Қазына» Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиев кездесуді «энергия мен интеллектуалды күш беруші" деп атады. Ол резервшілерге жедел қабылданған реформалар туралы айтып, Қор жұмысына қатысты сауалнама жүргізді. „Самұрық-Қазына“ басшысының айтуынша, „келешекте Қор мемлекет пен халықтың, болашақ ұрпақтың пайдасы үшін жаңартылмайтын ресурстар экспортынан түсетін кірісті реттеу алаңына“ айналуы тиіс.
Қазіргі таңда дамудың негізгі драйвері - адамдар, адами капитал, олардың бастамалары. Сондықтан ПЖКР біз үшін қызық, — деп атап өтті Алмасадам Сатқалиев. — Жаңа адамдар — жаңа философия мен ойлау жүйесінің иелері, олар ESG, әлеуметтік жауапкершілік, жаңа корпоративті басқару сұрақтарына көбірек назар аударады. Оның барлығы Жаңа Қазақстан құру жолында маңызды. Сондықтан ойларыңызды көпшіліктің алдында айтуға қорықпаңыздар. Біз бұған қашан да қолдау білдіреміз!»
Қор басшылығы мен еншілес компаниялардың жетекшілері резервшілер кездесуде ұсынған жобалар мен бастамалармен танысып, сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға қатысушылар кофе-брейк кезінде бейресми форматта да тілдесе алды.