1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта — Теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, Теңге — біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.
Қымбатты қаржыгерлер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қаржыгер және Ұлттық валютамыз — Теңге күнімен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!