ТЖҚ тізіліміне қосу немесе толықтыру үшін тауарлардың тізбесі жарияланды
2022 жылғы 1 қарашадан бастап "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі-ҰКП) бекіткен тізбеге енгізілген жеңіл, жиһаз, металлургия және химия өнеркәсібі, металл өңдеу және машина жасау тауарларын өндірушілер индустриялық сертификат негізінде ғана Қордың тауар өндірушілері (ҚТӨ) тізіліміне енгізілуге жатады.
ҚТӨ тізіліміне қосу немесе толықтыру үшін тауарлар тізімімен төменде көрсетілген құжатта танысуға болады.
Қордың тауар өндірушілер тізіліміне, сондай – ақ Қордың мүгедектер ұйымдарының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалардың) тізіліміне енгізу және толықтыру рәсімдері мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілер 8 (7172) 57 02 75 (ішкі нөмір 162) бойынша жүгіне алады.