2022
БАҚ біз туралы
29.07.2022
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерліктің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Бүгін Ақтау қаласында өткен «Маңғыстау облысының кәсіпкерлігін дамыту» атты конференцияда отандық өнім түрлерін көбейту және жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал бағытында атқарылып жатқан шаруа туралы сөз болды. Алқалы жиын «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Маңғыстау облысының әкімдігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан ұйымдастырылды. Бұл конференция маңғыстаулық кәсіпкерлер үшін аса қажет әрі маңызды шаралардың бірі.