Все новости
22 марта 2019

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер, міне, шуақты мереке Наурыз да келіп жетті! Біз Қазақстанда ата-бабаларымыздың дәстүрін қастерлейміз және Наурыз мерекесінің терең мән-мағынасы жадымызда жаттаулы. Жаңғыру, жаңарту, жандану — күн мен түн теңелетін осынау Ұлыстың Ұлы күні ойға оралатын басты сөздер, міне, осы.
Ел экономикасының мүддесінде ертелі-кеш қызмет атқара отырып, біз серіктестікте өзіміздің миссиямызды дәл осы жаңашылдық, жаңғыртушылық ретінде қабылдаймыз. Біз қазақстандық өндірушілер мен «Самұрық- Қазына» АҚ Қоры компанияларының арасында мөлдір байланыстар құрудамыз, сатып алу үдерісін жетілдірудеміз, әлемдік деңгейдегі технологияларды шығармашылдықпен қабылдап, енгізудеміз.
Сіздердің әрқайсыңызға, құрметті әріптестер, достар, біздің ресурстарымыздың оқырмандары, бейбітшілік пен аманшылық тілегім келеді! Отбастарыңыз шаттық пен бақытқа кенелсін! Наурыз мерекесі құтты болсын!

Қожахметов Қуат Бәкірұлы, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры