Жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал бағытында атқарылып жатқан шаруа туралы сөз болды. Алқалы жиын «Самұрық-Қазына» Қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Атырау облысының әкімдігі тарапынан ұйымдастырылды. Бұл конференция атыраулық кәсіпкерлер үшін аса қажет әрі маңызды шаралардың бірі.
Жиында сөз алған «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директордың орынбасары Дархан Рамазанов:
«Отандық тауар өндірушілерін қолдау және жергілікті қамтуды дамыту «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге және жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді. Осы жұмыстың барысында 2018-2022 жылдары 93 млрд теңгеден астам сомаға 285 оффтейк-келісімшарт «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Атырау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерліктің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Бүгін Атырау қаласында өткен «Атырау облысында кәсіпкерлікті дамыту» атты конференцияда отандық өнім түрлерін көбейту және жасалды», — деді.
Бұл ретте аталмыш бағдарлама аясында оффтейк-келісімшарт тиімді шарттармен қаржыландыруды тартудың басты құралы болып табылатынын айта кеткен жөн. «Самұрық-Қазына» қоры реттелетін сатып алуларда алғашқы болып мұндай келісімшарттарды енгізді.
Конференция барысында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртаев пен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілінің аппарат басшысы Бауыржан Оразғалиев сөз сөйледі.
Кездесу нәтижелерінің бірі Атырау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арасында үшжақты келісімге қол қою болды. Осылайша, Тараптар импортты алмастыру саясатын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті.
Конференцияның жекелеген бөлігінде оқыту семинарлары өтті, оның барысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сарапшылары отандық өндірушілерді қолдау құралдарымен таныстырады, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігі туралы және Қордың сатып алуларына қатысу жолдары туралы баяндады. Компанияның өкілдерінің айтуынша, өндіруші шарттарды сақтаса, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігін өту қиын емес.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық бизнесмендер өз компанияларын таныстыра отырып, ұлттық және өңірлік маңызы бар бірлескен жобаларға белсенді қатысуға дайындығын атап өтті.