«Маңғыстау облысының кәсіпкерлерін дамыту» конференциясы аумақтың шағын және орта кәсіпкерлері үшін басты оқиғалардың бірі. Конференция аясында Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арасында үшжақты келісім, сондай-ақ оффтейк-келісімшарттар жасасу жоспарлануда. Осылайша тараптар ел ішіндегі құндылықты дамыту және импортты алмастыру саясатын іске асыру саласында ынтымақтасуға бағыттанады.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының Мурат Тұрғанбаевтың айтуынша, «отандық тауар өндірушілерін қолдау және жергілікті қамтуды дамыту «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады».
«Бұл бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге және жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді. Осы жұмыстың барысында 2018-2022 жылдары 240 оффтейк - келісімшарт жасалды, көлемі - 82 млрд. теңгеден астам. Бүгінде таза импорт тауарлары бойынша қажеттілік алдымыздағы 5 жылға шамамен 110 млрд.теңгені құрайды және 4,5 мың позицияны қамтиды», - деп атап өтті.
Бұл ретте аталмыш бағдарлама аясында оффтейк-келісімшарт тиімді шарттармен қаржыландыруды тартудың басты құралы болып табылатынын айта кеткен жөн. «Самұрық-Қазына» қоры реттелетін сатып алуларда алғашқы болып мұндай келісімшарттарды енгізді.
Бұдан басқа, кездесуде бірқатар қызықты және өзекті семинарлар алаңдары өтеді. Олардың қорытындылары бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өңірлік саясатты қалыптастыру үшін векторды айқындайтын қарар шығарылатын болады.
Конференция барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаров, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы аппаратының басшысы Б. Е. Оразғалиев, Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Р. Т. Мұстапаев, сондай-ақ АҚ «Қазмұнайгаз» сатып алу және жабдықтау департаментінің өкілі Б. А. Ілиясов өз баяндамалармен жалғастырады.
Конференцияның жекелеген бөлігінде оқыту семинарлары өткізіледі, оның барысында «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС сарапшылары отандық өндірушілерді қолдау құралдарымен таныстырады, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігі туралы және Қордың сатып алуларына қатысу жолдары туралы баяндайды.