Өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу өту шеңберінде «Білікті әлеуетті өнім берушінің досьесін өзектендіру» процессі көзделген
Құрметті білікті әлеуетті өнім берушілер мен жеткізушілер!
Өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу өту шеңберінде (ПКО 2.0.) «Білікті әлеуетті өнім берушінің досьесін өзектендіру» процессі көзделген, ол БӘЖ тізілімде болған кезеңде білікті әлеуетті өнім берушінің досьесінде қамтылған өзекті құжаттардың болуын қамтамасыз етуге арналған.
"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің 24-бабының 1-тармағына сәйкес, құжаттар мен деректерде қамтылған мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, білікті әлеуетті өнім беруші өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алу веб-порталы арқылы тиісті өзгерістер енгізіп және тіркеу деректерін жаңарту туралы хабарламаны біліктілік органына жолдауға міндетті.
Құжаттарды алдын ала тексеріп, zakup.sk.kz сайтындағы ПКО-ның жеке кабинетіндегі құжаттаманы жаңартуды сұраймыз.
Сұрақтар бойынша осы тел.: +7 (7172) 57 02 75 (ішкі. 405, 404, 410, 414, 146,147) хабарласыңыз.