Сірә, сіз 19 қарашада ішкі жүйелерді іске қосу есебінен өз функционалын қосымша кеңейткен zakup.sk.kz жаңғыртылған порталының жұмысын бағалаған боларсыз. «Самұрық-Қазына» АҚ қорының электрондық сатып алуына қатысушылар алған негізгі жаңа құралдар тізімінде «Бағалар базасы және прайс-парақтар» деп аталатын модульдің бар екендігін атап көрсеткіміз келеді.
ЖАҢҒЫРТУ ТАРИХЫ
Шын мәнінде, skm. kz ескі платформасында сол немесе өзге нысанда қолданылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге арналған бағалар туралы ақпарат. Оның көмегімен отандық және шетелдік тауар өндірушілерді қоса алғанда, Қордың адал өнім берушілері тиісті нарықтық прайс-парақтарды көрсетіп, өз өнімдерінің барлық номенклатурасын жариялай алады.
Бірақ та уақыт өтіп жатыр, Қор компаниялары тобы тарапынан сатып алудың тұрақты өсіп келе жатқан көлемі, сондай-ақ өнім берушілер санының ұлғаюы бағалар туралы ақпаратты басқару бойынша барынша қуатты және ілгерілете түсетін құрал жасауды талап етті. Прайс-парақтарды бірыңғай ресурсқа жай ғана ауыстыру жеткіліксіз, қатысушылар қарқынды түрде жаңартылып отыратын барлық деректерді басқарудың заманауи «ақылды» тетігіне мұқтаж. Мұндай тәсіл өзге сапалы деңгейде жұмысты жүргізуге мүмкіндік берген жаңа модульге салынды. Алғаш рет электрондық сатып алу қатысушыларына баға маркетингін жүргізу мүмкіндігі ұсынылды. Тіпті аты да өзгерді - «прайс-парақтар» сөзіне деректердің толық бақылауын білдіретін «бағалар базасы» қосылды. Қазір жаңа модульді zakup.sk.kz жаңартылған порталының құрамында белсенді пайдаланғанда, біз өмір тәжірибесінде жаңашылдықтың тиімділігін бағалай аламыз.
ЖАҢА ТӘСІЛДЕМЕНІҢ НАҚТЫ ОҢ тұстары
Бүгінгі таңда «Бағалар базасы және прайс-парақтар» модулін енгізу әзірлеушілердің көптен күткен талабын толық ақтады деп нық сеніммен айтуға болады. Бұдан былай бір ресурсқа бағалар туралы бүкіл ақпарат шоғырландырылады: өндіруші-өнім берушілерден нарықтық бағалар, бюджеттік (жоспарлы) және сатып алу бағалары, бұдант әлде қайда бұрын өткізілген сатып алудың бағалары. Әйтеуір, Қордың тапсырыс берушілері өнім берушілерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тобында нарықтық бағаларды зерттеп, өз сатып алу жоспарларын түзету мүмкіндігіне қол жеткізді. Енді барлық деректер тапсырыс берушілер үшін белгіленген форматқа біріктіріледі, ал Қор тобы бойынша жоспарлы бағалар шегінің кез келген асып кетуі олар үшін әрекет етуге сигнал ретінде қызмет етеді - бюджеттерді азаю жағына қарай түзету керек.
Өз кезегінде, қатысушыларға өнімін ұсынатын өнім берушілер ТЖҚ толық жариялай алады. Әсіресе, ЭСАЖ жүктелген ТЖҚ жазылу кодтары бойынша адрестік жіберуді жүзеге асырғанда хабарламалар функциясын жақсы көрсетті. Басқаша айтқанда, тапсырыс беруші белгілі бір өнімді сатып алуды жариялағаннан кейін өнім берушілер дереу хабарлама алады. Бұл ұсақ-түйек сияқты болып көрінеді, бірақ өнім берушілер осындай мониторинг үшін консалтингтік компанияларға ақша төлеуге мәжбүр болды.
Әзірге осы, жуырда біз zakup.sk.kz жаңғыртылған порталының функционалына шолуды жалғастырамыз. ЭСАЖ қандай құралдары туралы көбірек ақпарат алғыңыз келеді, түсініктемелерге жазыңыздар, біз олар туралы ерекше ынтамен әңгімелеп береміз.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиевтің вебинарын да қарап шығыңыздар:http://bit.ly/2B8bXMw.