28 шілде күні Ақтау қаласында «Маңғыстау облысының кәсіпкерлерін дамыту» конференциясы өтеді
Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпкерлері!
Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Ақтау қаласында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» ғимаратында «Маңғыстау облысының кәсіпкерлерін дамыту» конференциясы өтеді.
Конференцияны Маңғыстау облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Қоры, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырады.
Аталған конференцияда "Самұрық-Қазына" қорының сарапшылары Қордың сатып алуларына қалай қатысу керектігін, қорда отандық өндірушілерді қолдаудың қандай шаралары жұмыс істейтінін, алдын ала біліктілік іріктеу тетігі қалай жұмыс істейтінін, сондай – ақ офтейк-келісімшарт жасасу арқылы ұзақ мерзімді кепілдендірілген тапсырыс алу жолымен импортталатын өнімнің жаңа өндірісін қалай ұйымдастыру керектігін айтып береді.
Маңғыстау облысының барлық кәсіпкерлерін конференцияға қатысуға шақырамыз.