Бұқаралық Ақпарат Құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бүгін “Самұрық-Қазына” Қорының басқарма төрағасы Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы “Самұрық-Қазына Контракт” мекемесінің баспасөз хатшысы Сартбаева Әсем Бахытқызын құрмет грамотасымен марапаттады.
Әсем Сартбаеваның біздің мекемемізде қызмет етіп келе жатқанына 1 жыл болды. Осы уақыт аралығында ол өзінің кәсібилігі мен шеберлігін көрсетіп, мекемеміздің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосып келеді. Осыны ескеріп жатқан Қор ұжымына біз де алғыс білдіреміз! @assem_sartbayeva