Кездесу барысында сондай-ақ ұзақ мерзімді офтейк-келісім-шарттарын жасау туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды
Осы сәтте Ақтауда «Маңғыстау өңіріндегі кәсіпкерлерді дамыту» конференциясы аяқталуда. Оның жұмысына Маңғыстау облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» қоры, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ қатысты. Конференцияға қатысушылардың айтуынша, мұндай іскерлік кездесулер өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері үшін орталық шаралардың бірі болып табылады.
«Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Қор жұмысындағы стратегиялық басымдық болып табылады. Өңірлік бизнес өкілдері бұл шараның тиімді тұстарын атап өтті. Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы барлық проблемалық бағыттарды ашық және шынайы диалогта талқылау керек деп есептеймін. Мұндай конференциялар барлық мүдделі тұлғаларға өз көзқарасын білдіріп, ықтимал проблемаларды шешу жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді», - деп «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Дархан Булатұлы Рамазанов аттап өтті.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысы бойынша Қор компанияларының сатып алу қажеттілігі ағымдағы жылы 486 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте өткен жылы Қордың сатып алуларына Маңғыстау облысынан жалпы сомасы 350 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам компания қатысты.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының Мурат Тұрғанбаевтың айтуынша, «отандық тауар өндірушілерін қолдау және жергілікті қамтуды дамыту «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады».
«Бұл бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге және жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді. Осы жұмыстың барысында 2018-2022 жылдары 240 офтейк - келісімшарт жасалды, көлемі - 82 млрд. теңгеден астам. Бүгінде таза импорт тауарлары бойынша қажеттілік алдымыздағы 5 жылға шамамен 110 млрд.теңгені құрайды және 4,5 мың позицияны қамтиды», - деп атап өтті.
Бұл ретте аталмыш бағдарлама аясында офтейк-келісімшарт тиімді шарттармен қаржыландыруды тартудың басты құралы болып табылатынын айта кеткен жөн. «Самұрық-Қазына» Қоры реттелетін сатып алуларда алғашқы болып мұндай келісімшарттарды енгізді.
Конференция барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиев, Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев, сондай-ақ АҚ «Қазмұнайгаз» сатып алу және жабдықтау департаментінің өкілі Бауыржан Ілиясов өз баяндамалармен жалғастырды.
Конференция аясында Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арасында үшжақты келісім, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мен «КаспийМұнайКапитал» ЖШС, «Орда Продакшн» ЖШС, «Каспий Голд» ЖШС және «ОСС Қазақстан» ЖШС облыс кәсіпорындары арасында офтейк-келісімшарттар жасасу рәсімі өтті.
Осылайша, тараптар отандық құндылықтарды дамыту және импортты алмастыру саясатын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті.
Бұдан басқа, іс-шараның жекелеген бөлігінде оқыту семинарлары өтті, оның барысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сарапшылары отандық өндірушілерді қолдау құралдарымен таныстырады, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігі туралы және Қордың сатып алуларына қатысу жолдары туралы баяндады. Компанияның өкілдерінің айтуынша, өндіруші шарттарды сақтаса, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігін өту қиын емес.
Сонымен, жаңа талаптарға сәйкес қызмет жеткізушісі өз қызметкерлеріне белгілі бір жалақы деңгейін қамтамасыз етуге міндетті. Егер жеткізуші жалақының ең төменгі шегі шартын сақтамаса, онда кәсіпкер қордың жеткізушісі болу мүмкіндігінен айырылады, деп семинарлар барысында сарапшылар атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша қазақстандық бизнесмендер өз компанияларын таныстыра отырып, ұлттық және өңірлік маңызы бар бірлескен жобаларға белсенді қатысуға дайындығын атап өтті.