Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті тегін алғашқы медициналық көмек көрсету шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Қор тобының 70-тен астам қызметкері қатарға қосылып, көкжиегін кеңейтті.
Түрлі оқыс жағдайларда әрекет ету алгоритмін Нұр-Сұлтан қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Дана Сайпиева көрсетіп, түсіндіріп берді.
«Адамға қауіпті жағдайда көмектесудің алғашқы қадамдары мен тәсілдерін әркім білуі керек деп санаймын. Күтпеген жағдайлар жұмыста, үйде, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда болады. Олардан ешкім толық қорғалған емес. Сабыр сақтау, дүрбелеңге бой алдырмау және жағдайды бақылау үшін нақты нұсқауларды орындау керек. Бүгін біз жиі пайдасы тиетін алгоритмдерді зерделедік. Мен ұйымдастырушыларға құнды деректерге қанықтырғаны үшін өте ризамын», - деп атап өтті акцияға қатысушы, «Самұрық-Қазына Контракт» PR-қызметінің басшысы Әсем Сартбаева.
Нұр-Сұлтан қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Дана Сайпиева жүрек-өкпе реанимациясы тәсілдерін көрсетіп, тыныс алу жолдарына бөгде заттың түсуінің салдары туралы айтты және де жаралармен, қан аққанда қалай жұмыс істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ естен тану кезінде әрекет ету жайлы ұсыныстар берді.