Отандық өндірушілерді қолдау «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі саясатының арқасында Қор импортты алмастыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасай отырып, Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістер құруды ынталандырады.
Бұл үшін, ең алдымен, Қор компанияларында тұрақты және ұзақ мерзімді қажеттілік бар тауарлар мен жабдықтар тізбесі құрылады.
Бұдан әрі, аталған тізбеден ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Ұлттық палатасы және салалық қауымдастықтармен бірлесіп, Қазақстан Республикасында өндіріс жолға қойылған тауар позициялары алынып тасталады.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін, жалпы сомасы 113 млрд. теңгеден асатын 5 437 тауар позициясынан тұратын тауарлардың таза импортының пулы құрылды.
Бұл ретте отандық бизнеске таза импорт тізіміне кірген тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында өндіріс ашу ұсынылды, өз кезегінде Қор компаниялары оларды болашақта 5 жылға дейін сатып алуға кепілдік береді.
Таза импорт пулында гайка кілттерін өндіруден бастап мұнай өңдеу катализаторларына дейінгі жобалар бар. Осы бағдарламаға қатысу шарттары мен таза импорт пулына кірген тауарлар туралы мәліметті әрбір кәсіпкер «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сайтында және Svoyzavod.kz.порталында көре алады.
Импортты алмастыру бағдарламасының қолданылу кезеңінде 54 жоба мақұлданды, 82,2 млрд.теңге сомасына 192 оффтейк-келісімшарт жасалды.
Айта кету керек, бұрын аталған 54 жоба бойынша өнімді Қор компаниялары шетелден сатып алған болатын, енді бұл толықтай қазақстандық өнім.
Сонымен қатар, импортты алмастыру бағдарламасын жария ету бойынша әкімдіктермен, Ұлттық палатамен, сондай-ақ салалық қауымдастықтармен белсенді жұмыс жүргізіледі.