[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Сипаттамасы

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы (ТЖҚБНА) – «Самұрық-Қазына» АҚ 250-ден астам ұйымдары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері сатып алу процестерін жоспарлау, есепке алу және талдау үшін қолданатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жіктеуіші. ТЖҚБНА қолдану:

·         тауарлар, жұмыстар мен қызметтер атауларының тізілімін бірдейлендіру;

·         сатып алуларды есепке алу, мониторинг және талдау мен жергілікті қамтуды дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

Анықтамалықты әзірлеу және жүргізумен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сатып алу процестерін жетілдіру бойынша саясатты іске асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС айналысады.

ТЖҚБНА негіз болып оған сәйкес мемлекеттік органдар мен Қор ұйымдарының сатып алу жоспарлары 2009 жылдан бері қалыптастырылатын Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші (ЭҚТӨЖ) қызмет етті. Қор мен оның еншілес компанияларының сатып алу мәселелері бойынша барлық есебі, оның ішінде біріктірілген есептері қалыптастырылып ЭҚТӨЖ негізінде мемлекеттік органдарға бағытталды. Бірақ позициялардың ірі болуына байланысты, оның тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жіктеуіші ретінде пайдалану кейбір қиындық тудырды, себебі Қор ұйымдары сатып алатын позициялар номенклатурасы ауқымды және олардың реттелген есебі басқарма шешімдерін қабылдау кезінде қиындықтар тудырды.

Осыған байланысты 2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алынатын позицияларды барынша толық жіктеумен тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын енгізді. Анықтамалықты әзірлеумен және Қордың сатып алу жүйесіне енгізумен байланысты Холдинг ұйымдарының сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер түрлерінде қажеттіктерін барынша анықтауға жету мақсатында түрлі тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен басқа да ақпарат көздерінен алынған деректерді біріктіру және оларды салыстыру сияқты міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа шығындарды қысқарту бойынша бірқатар тиімді шаралар қолдану мүмкін болды.

Қор компаниялар тобында ТЖҚБНА қолданудың оң тәжірибесіне сүйеніп 2013 жылдан бастап анықтамалық Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар жүйесіне енгізілді.

2013 жылы ТЖҚБНА анықтамалығы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің құрылыс материалдарын, бұйымдар мен инженерлік жабдықтарды жіктеу жүйесінің деректерімен және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік дәрілік құралдар тізбесінің деректерімен толықтырылды.

2014 жылдан бастап ТЖҚБНА тауарлық позициялар бөлігінде ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар басталды.

2015 жылы анықтамалықта деректерді қалыптандыру бойынша іс-шаралар және 30 мәнді кодқа өту жолымен «ТЖҚБНА» ақпараттық жүйесін жаңғырту жүргізілді.

Мақсаттар мен міндеттер:

- бірыңғай жіктеуіш негізінде бүтін ақпарат жүйесін құру;

- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер қажетсінуіне талдау және статистикасы;

- мерзімінен бұрын шарттар бекіту және жергілікті қамтуды дамыту мүмкіндігімен нақты тауар, жұмыстар немесе қызметте сандық және сомалық көріністе жоспарлы қажеттікке талдау жүргізу;

- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасына мониторинг өткізу;

- есепке алу жүйесі үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер атауын бірдейлендіру;

- жаңа өндіріс ашуды жоспарлауға мүмкіндік беретін тауарларда тапшылық қалыптасқан салаларды айқындау.

тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын жаңарту бойынша қызметтер көрсетуге шарт бекітуге қатысты: 8 (7172) 55-90-15 телефонына хабарласыңыз. 


ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2017
Стратегияны іске асыру бойынша Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарына жеңіл автокөліктерді және автобустарды сатып алу бір көзден сатып алу тәсілі бойынша... >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>