[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Сату алдындағы дайындық


1. ПРОЦЕСТІҢ НЕГІЗГІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

1.1 Сауда-саттықты ұйымдастырушы

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – Қор Басқармасы жекешелендіруді ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапты етіп белгілеген компания. «Самұрық-Қазына» Қорына тікелей тиесілі компаниялар үшін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Сауда-саттықты ұйымдастырушы болып табылады. Жекешелендірілетін активтер тізбесінен қалған компаниялар үшін меншік құқығының белгісі бойынша Қордың холдингтік еншілес компаниялары Сауда-саттықты ұйымдастырушылары болып табылады.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сату процесін жалпы ұйымдастыруды жүзеге асырады, тәуелсіз бағалаушы мен заң, қаржы және/немесе өзге де консультанттарды тартады, сату бағасы мен шарттары бойынша ұсыныстармен Актив бойынша қорытындыны Комиссияға дайындайды, Комиссияның жұмысын жалпы үйлестіреді.

1.2 Холдингтік еншілес компаниялар

Қордың Холдингтік еншілес компанияларына «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ, «Казатомпром» ҰАК» АҚ, «KEGOC» АҚ пен и «Самұрық-Энерго» АҚ жатады. Қалған барлық жекешелендірілетін активтер осы компаниялардың немесе «Самұрық-Қазына» Қорының еншілес ұйымдары болып табылады.

1.3 Активтерді сату комиссиясы

Сауда-саттықты ұйымдастырушы секілді әрбір холдингтік еншілес компанияда өзінің Салалық комиссия құрылды, ол активтерді сату бағасы мен шарттары бойынша шешімдер қабылдау үшін жауап береді. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Комиссиялардың отырысын ақпараттың дайын болуына және жиналуына қарай, айына кем дегенде 1 рет шақырады.

Қор Комиссиясының және Салалық комиссиялардың функциялары мен өкілеттіктері туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты Активтерді және объектілерді сатудың бірыңғай қағидасының 3 және 7-тарауларында табуға болады.

1.4 Сауда-саттық алаңы

Қор активтері ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірыңғай сауда-саттық алаңында сатылады – www.gosreestr.kz.

Сауда-саттық алаңы (СА) пайдаланушыларға электрондық аукциондар мен электрондық конкурстарды өткізу функционалын ұсынады. Куәландыру тетігі ретінде СА пайдаланушылары үшін электрондық үкіметтің EGOV.KZ порталы арқылы берілетін Электрондық Цифрлік Қол (ЭЦҚ) қолданылады.

Сауда-саттықтың ықтимал қатысушыларына Сауда-саттық алаңының қызметтері ТЕГІН болады.

2. САТУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ

Активті сату алдында ол сату алдындағы дайындықтан өтуі тиіс, оған бағалау, меншік иелерінің корпоративтік шешім қабылдауы және сату шарттарын дайындау және сауда-саттық туралы хабарландыру жариялау кіреді. Сондай-ақ сатушының қалауынша, сатылатын мүліктің құнын нақтылау үшін қаржы, техникалық және қаржы сараптамасы жүргізілуі мүмкін.

2.1 Активті бағалау

Бағалау саласында үлкен тәжірибесі бар, тиісті лицензиялары (қызметтің осы түрі Қазақстан Республикасында лицензияланады) және нарықта мүлтіксіз іскерлік беделі бар оқшаулы және халықаралық компаниялар активті бағалауға тартылады. Бұдан басқа, Қор осындай компанияларға халықаралық сертификаттары мен осы компанияда және салада ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу тәжірибесі бар қызметкерлер саны бойынша талаптар қояды. Өз жұмысының қорытындылары бойынша тәуелсіз бағалаушы Бағалау туралы есеп береді, активтің меншік иесі оны сатудың бастапқы бағасы мен шарттары туралы шешім үшін негіз ретінде қабылдайды.

2.2 Меншік иелерінің шешімі

ҚР қолданыстағы заңнамасы корпоративтік басқару органдары: Акционерлердің/Құрылтайшылардың жалпы жиналысы (АЖЖ/ҚЖЖ), Директорлар кеңесі (ДК), Басқарма үшін міндеттерді және құзыретін аясын қатаң бөледі. Әдетте, активтерді сату туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды. Кейбір жағдайда (Жарғыға немесе иелену үлестеріне қарай) шешімді Акционерлердің немесе Құрылтайшылардың жалпы жиналысы қабылдайды.

2.3 Сату шарттарын қабылдау

Тәуелсіз бағалаушының есептері, сондай-ақ тартылған басқа да консультанттардың есептері негізінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы-экономикалық ақпараттан басқа, сату бағасы мен шарттары бойынша ұсынымдар кіретін Актив туралы қорытындыны дайындайды.

Берілген қорытынды тиісті Комиссияның (Қордың немесе Салалық) отырысында қаралады, онда активтің бастапқы бағасы және, болған жағдайда, шарттар белгіленеді.

2.4 Сауда-саттық туралы хабарландыруды жариялау

Барлық негізгі шешімдер қабылданғаннан кейін Сауда-саттықты ұйымдастырушы gosreestr.kz сауда алаңында Сауда-саттықты туралы хабарландыруды жариялайды, онда мыналар көрсетіледі:

1) Сатылатын активтің атауы;

2) Сату тәсілі;

3) Сауда-саттықты өткізу күні және уақыты;

4) Ықтимал қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар;

5) Активті сату шарттары (болған жағдайда);

6) Бастапқы баға, бағаны өзгерту қадамы;

7) Кепілдік жарнаның мөлшері және деректемелермен бірге есептеу нысаны;

8) Сауда-саттықты ұйымдастырушының байланыс ақпараты.

Жоғарыда аталған ақпараттан басқа, Хабарландыруға құрылтайшы құжаттардың, лицензиялардың (болған жағдайда), 3-5 жыл үшін аудиттелген қаржы есептілігінің, бағалау туралы есептің сканерленген көшірмелері, сондай-ақ сатылатын актив туралы фото- және бейнематериалдар қоса беріледі.

Ірі активтер бойынша Сауда-саттықты ұйымдастырушы ықтимал қатысушыларға тиісті түрде тексеру рәсімін (Due Diligence) жүргізу үшін неғұрлым толық ақпарат бар виртуалдық ақпараттық бөлмені – Virtual Data Room (VDR) пайдалануды ұсынады. VDR ықтимал сатып алушыға қолданыстағы коммерциялық шарттармен, еңбек келісімдерімен, бюджет алдында берешектің жоқ екендігі туралы анықтамалармен, аудиттелген қаржы есептілігімен, коммерциялық құпия мәртебесі бар әр түрлі есептермен және өзге де құжаттармен танысуға мүмкіндік береді. Ашылатын мәліметтердің құпия болуына байланысты VDR-ға қол жеткізу рұқсаты ықтимал қатысушыларға құпиялылық және ақпаратты жария етпеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін ғана беріледі.


ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті өнім берушіден түскен өтініш барысында «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жариялаған «Жылжымалы жерге қосу» тауарларын сатып алуға тексеруді жүзеге асырды. >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері  сатып алу процесіне іске қосылған Самұрық-Қазынаның еншілес компанияларының мамандарына бірінші жыл оқу өткізіп отырған жоқ. Дәрістерді... >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2016 жылғы 18 сәуірде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жаңа Тауарлар, жұмыстар мен қыз... >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу бойынша белсенді жұмыс өткізуде.  Ағымдағы сәтте Білікті әлеуетті өнім берушілер тізб... >>>
10.10.2016
2016 жылдың басынан бері бір көзден тәсілімен сатып алу ескерілген ЭСАЖ пайдаланудан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 35 829 416 302,85 теңгені немесе... >>>
08.07.2016
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2016 жылғы 26 шілдеде «Қазпероксид» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 50%-ын, «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100%-ын және «Қазатом... >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС  тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу мәселелерімен айналысатын «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдарының жұмыскерлерін оқытуды жүйелі түрде жүргізеді. >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері «Атамекен» ҰКП өкілдері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу және жаңа өндірістерді құру бойынша 2014-2022 жылдарға арналған... >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» әлеуетті өнім берушінің өтініміне шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану бөлігінде «Вагонсервис» АҚ Сатып алу қағидаларының нормаларын бұзғанын анықтады. >>>
08.07.2016
2016 жылдың басынан бері бір көзден тәсілімен сатып алуды есепке ала отырып ЭСАЖ пайдаланудан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес пен тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 27 229 874 752,61 теңген... >>>